Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:21

Қызылордалық түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болды

19.10.2022

326

0

Қызылорда қаласының тұрғыны түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болған жерінен ұсталды. 

17 қазанда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында  мекеме  аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады.

Мекеме қызметкерлері жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қолға түскен қала тұрғынын тексеру кезінде, скотчпен оралған үш  белгісіз зат тәркіленді. Тәркіленген затты тексеру барысында ішінен тоғыз телефон, бес  насыбай, бір ойын картасы, екі қуаттағыш құрылғысы табылды. Сонымен қатар өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты анықтады. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша табылған зат «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Оның салмағы 173,98 граммды құрайды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: