Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:06

Қызылордалықтар әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әсел Серікбайды әуежайдан күтіп алды

27.10.2022

324

0

Бүгін Сыр халқы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әсел Серікбайды әуежайдан күтіп алды.

Әсел Серікбай жуырда Италия елі, Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатынан күміс медаль иеленіп, барша Сыр жұртшылығын қуантқан болатын. Сонымен бірге ол облыс тарихында алғашқы болып гроссмейстер атағын қорғады. Бұл облысымыз үшін үлкен жетістік.

Күтіп алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов,  Әселдің бапкері Василий Шимелков пен облыс аға жаттықтырушысы Риза Қошқарова, спорт ұйым басшылары, спортшылар, Қорқыт Ата атындағы университеттің әскери кафедрасы, жастар орталығы өкілдері, БАҚ өкілдері және Әселдің туған-туыстары мен әріптестері қатысты. 

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі шахмат спортының дамуы жайында сөз қозғады. 

«Әселдің жеңісі, барша қазақ елінің жеңісі, 17 дүркін Қазақстан, 3 дүркін әлем , 7 дүркін Азия чемпионы атанған алтын қызымыз Сыр елінің қоржынына бүгін тағы да бір марапат – күміс медаль қосып отыр, оның үстіне Әсел Қазақстан бойынша 9-шы, ал Қызылорда облысы бойынша ең алғашқы болып «гроссмейстер» атағын иемденді. Біз әлем біріншілігінде ел абыройын асқақтатқан нәзік те қайсар қызымызды мақтан тұтамыз» деді ол өз сөзінде. 

Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов қараша айында өтетін Азия Чемпионатына қатысушы спортшы Назерке Нұрғалиға сәттілік тіледі.

«Алтын уақыттарыңызды бөліп, қуанышыма ортақтасқандарыңыз үшін басымды ие отырып, баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін маңызы зор осынау мереке қарсаңында сіздерге жеңіс сыйлағаным үшін өте қуаныштымын» деп алғысын білдірді Әсел Серікбай.

311467320_201818642285362_259926347853927012_n.jpg
311466981_201818698952023_4117175712759333688_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: