Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:34

Рухтастар cases

19.10.2022

504

0

Бүгін Жалағаш индустриалды аграрлық коллежінің студенттерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын насихаттау мақсатында «Рухтастар Cases» диалог алаңы өтті.

Аталған кездесуге «Жастар Рухы» ЖҚ Жалағаш ауданы бойынша бөлімше басшысы Серәлі Нарбота және ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Жанибай Сымбат қатысты.

Биылғы Жолдауда айтылған жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты басым бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әр азамат елдің жоспарын, бағыт-бағдарын, нәтижесін білуі шарт. Мемлекетіміздің дамуы үшін жастардың белсенділігі маңызды. Президент ұсынған әр саладағы нақты жоспарлар жастардың жарқын болашағына жол ашады – деді Серәлі Нарбота.

Кездесуге қатысушы колледж студенттері Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, маңызды құжатта нақтыланған бағыт-бағдарды насихаттауға бір кісідей атсалысатындарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: