Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 10:57

Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы кеңес мүшелерінің көңілінен шықты

12.12.2022

188

0

Апта басында «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Өңірді дамыту» және «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. партия филиалында өткен жиынға аудандық мәслихат депутаты Әліби Бекжанов модераторлық жасады. Мұнан бөлек кеңеске партияның аудандық филиалы жанындағы «Өңірді дамыту» және «Жастарды қолдау»мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Кеңесте екі мәселе қаралды. Яғни «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты  «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және аудан жастарының тұлғалық дамуы және бос уақытын тиімді өткізуі бойынша хаттамалық ұсыныстардың орындалуы сөз болды. Мұнан бөлек «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес құрамын өзеруту туралы аудандық мәслихат депутаты Нарбота Серәлінің ұсынысы да бірауыздан қолдау тапты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша, яғни «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты  «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары туралы Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Жаппасбаев баяндады.

Қайрат Ғалиұлының сөзіне сүйенсек, биыл Жалағаш ауданында құрылыс қарқын алып, бірқатар әлеуметтік нысандардың іргетасы қаланыпты.

– Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет елді мекенінде су тарату жүйесін аулаішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысы биыл басталған. Жобаның жалпы құны – 160,6 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-Құрылыс» ЖШС келер жылы бұл жобаның құрылысын толық аяқтауға бел буып отыр. Мәдениеттегі құрылыс өтпелі жоба екенін еске салған да жөн. 2022 жылға республикалық бюджеттен бөлінген 140 млн 440 мың теңге қаражат қаралса, 2023 жылға бөлінетін қаражат көлемі 7 млн 781,6 мың теңгені құрайды.

Жалағаш ауданына қарасты Аққұм елді мекенінде де су тарату жүйесін аулаішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысы биыл басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 209,4 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-Құрылыс» ЖШС келер жылы мұның да құрылыс жұмыстарын аяқтауға ниеттеніп отыр. Бұл да өтпелі жоба екен. 2022 жылға республикалық бюджеттен 184 млн 284 мың теңге қаражат қаралса, келер жылға 10 млн 258,9 мың теңге қаралады деп күтілеуде.

Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» жер учаскесіне су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы да биыл басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 419,4 млн теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-Құрылыс» ЖШС келер жылы жаңадан ашылатын шағын аудандағы жобаны аяқтауға ниетті екен. Бұл да өтпелі жоба көрінеді. 2022 жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 361 млн 297 мың теңгені құраса, 2023 жылға 21 млн 408,1 мың теңге қаралады деп күтілуде, – дейді бөлім басшысы.

Хабарламашы кенттегі құрылыс жұмыстары мұнымен шектелмегенін айтады. Мәселен, биыл Жалағаш кентіндегі аудандық қаржы бөліміне қазандық ғимараты құрылысын салу және оны табиғи газға қосумен жылу жүйесіне жалғау» жұмыстары да биыл басталыпты. Жобаның жалпы құны – 35 млн теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Аsia stroy kz»  ЖШС бүгінде бұл жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтаған.  Құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі – 2 ай болатын. Нысан бүгінде пайдалануға берілген. 2022 жылға облыстық бюджеттен 29 млн 623 мың теңге қаражат қаралыпты.

– Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы өткен жылы басталған болатын. Бір жыл бұрын іргетасы қаланған бұл жоба да өтпелі. Жобаның жалпы құны – 471,6 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «SCS инжиниринг» ЖШС биыл нысанды ел игілігіне беруге ниетті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі – 9 ай болатын. (2021 жылдың қыркүйек – қараша айлары аралығы, 2022 жылдың наурыз – қыркүйек айлары аралығы). Бұл жобаға қатысты мерзімінде құрылыс жұмыстарын аяқтамағаны үшін қызылорда облысының ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берілді.

Биыл Жалағаш кентінде «Тренажер және стритбол алаңдарының құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 12,5 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Гулнур МК»  ЖШС бүгінде қос спорттық нысанның құрылысын толықтай аяқтады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі –1ай болатын. Нысан бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді.

«Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кенті «Ақтерек» жер учаскесінде 170 гектарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы да биыл басталған болатын.  Яғни онда бүгінде басқа да құрылыс жұмыстарынан бөлек электр желілерімен жабдықтау жұмыстары жүруде. Жобаның жалпы құны – 280,3 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Сәт-Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын келер жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі – 2022-2023  жылдарды қамтиды, яғни бұл жоба да өтпелі болып отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылға республикалық бюджеттен 240 65,0 мың теңге қаражат қаралса, 2023 жылға бөлінетін қаражат көлемі 24 млн 162,2 мың теңгені құрайды, – дейді Қайрат Ғалиұлы.

Айта кетейік, «Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» жер учаскесінен 170 гектарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы мұнымен шектелмеген. Биыл дәл осы аумақта сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы да басталған болатын. Жобаның жалпы құны – 463,8 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Сәт-Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын келер жылы тәмамдауды жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі – 2022-2023 жылдарды қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, бұл жоба да өтпелі екен. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылға республикалық бюджеттен 337 млн 216 мың теңге қаражат қаралса, 2023 жылға бөлінетін қаражат көлемі 95 млн 583,3 мың теңгені құрайды екен.

Бұл ауданда биыл құрылысы басталып, пайдалануға берілген және әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жобалар екенін еске салайық. Ал мұнан бөлек әлі де құрылыс жұмыстары басталмаған, яғни енді қолға алынып жатқан, бір сөзбен айтқанда, жоба-сметалық құжаттар әзірленіп жатқан нысандар да бар екен.

– 2021 жылы Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» жер учаскесіндегі 170 гектарға инженерлік-инфрақұрылым жүргізілу мақсатында, яғни ауыз су, газ, жолдар, электр желілеріне жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық бюджеттен 63 млн 800,4 мың теңге бөлініп, жобалар әзірленді. Оның ішінде тас жолдар және газ желілерінің жобалары сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына республикалық және облыстық бюджетке қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылған. Тас жолдарға қатысты жобаның жалпы құны – 2 469 094,5  мың теңгені құрап отыр. Ал газ желісіне 2023 жылға республикалық бюджеттен құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы бөліну бүгінде жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны – 600 млн 951 мың теңгені құрайды.

Жалағаш ауданы Аққыр елді мекеніндегі 100 орындық ауылдық клуб ғимараттарының жоба-сметалық құжаттары жобалаушы есебінен қайта сараптамадан өтуде. Сараптаманың аяқталу мерзімі 21.12.2022 жылға дейін болатын. Сараптамаға дейінгі жобаның жалпы құны – 290 642,226 мың теңгені құрап отыр. Елді мекендерде мәдениет ошақтарын жаңалау мұнымен шектелмек емес. Ауданға қарасты Мырзабай ахун елді мекеніндегі 100 орындық ауылдық клуб ғимараттарының жоба-сметалық құжаттары да сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру үшін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Мырзабай ахундағы ауылдық клуб құрылысына қатысты жобаның жалпы құны – 298 335,641мың теңгені құрайды, – дейді бөлім басшысы.

Айта кетейік, Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек /орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, аусымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана)  жаңадан кәріз жүйесінің  құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткен болатын. Жобаның жалпы құны – 1млрд 290 млн 120,2 мың теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.

Таң ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының жоба-сметалық құжаттары да әзірленіп, сараптамадан өтіпті. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Жобаның жалпы құны – 169 млн 122,6 мың теңгені құрап отыр. Ақсу, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткен. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына республикалық бюджттен 2023 жылға қаржыландырылу жоспарланып отыр. Жоба құнына келсек, Ақсу ауылындағы жобаның жалпы құны 205 млн 206,6 мың теңгені құрайды. Ал Қаракеткен ауылдық округіндегі жобаның жалпы құны 141 млн 153,2 мың теңгеге жетіп отыр. Сондай-ақ Мырзабай ахун ауылдық округіндегі жобаның жалпы құны 98 млн 431 мың теңгені құрайды.

Қайрат Жаппасбаев Есет батыр және Темірбек Жүргенов елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткенін айтады. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыруға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Жоба құнына келсек, Есет батыр ауылындағы жобаның жалпы құны 357 010,6 мың теңгені құрайды. Ал Темірбек Жүргенов ауылындағы жобаның жалпы құны 423 млн 870,7 мың теңгеге тең екен.

– Жалағаш кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізілген. Жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге жалпы құны – 6,3 млн. теңге бөлініп отыр. Жобалаушы мекеме – «Корпорация Асыл Строй» ЖШС екен (шымкент қаласы). Жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жалағаш ауданы «Төрешқұдық» шекара бекетінің қоршау жұмыстары да қолға алынады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны – 209 млн 383 мың теңгені құрап отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыруға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданған. Жалағаш ауданы Қаракеткен және Жаңаталап елді мекендеріндегі жасыл желектерді және басқа да дақылдарды суғаруға арналған ұңғымаларды орнату үшін 2023 жылға  қаржыландыруға Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Қаракеткен елді мекеніне №1-тв,№2-тв техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының құрылысына 33 040,0 мың теңге қаражат қажет. Ал Жаңаталап елді мекеніне №1-тв,№2-тв техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының құрылысына 49 млн 560,0 мың теңге қаражат қажет.

Осыдан екі жыл бұрын «Жалағаш кентінде қоқыс полигонын (сұрыптау пункті) салу» құрылысына техника-экономикалық негіздеме жасалып, (әрі қарай ТЭН) мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. (мемлекеттік сараптама №19-0024/20. Техника-экономикалық негіздеме құны 375 млн теңгені құрайды. 24.01.2020 жыл.) 2021 жылы «Жалағаш кентінде қоқыс полигонын (сұрыптау пункті) салу» ТЭН-ге сәйкес, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған болатын. Алайда, нарықтағы темір бұйымдары мен құрылыс материалдарының қымбаттауына орай құрылыстың сметалық есебінің құны ТЭН-де белгіленген сомадан асып (құрылыстың сметалық құны 2021 жылдың 4 тоқсанымен есептегенде 526,0 млн. теңгені құрап, ТЭН құнынан 151,0 млн. теңгеге қымбаттаған/артқан), мемлекеттік сараптамадан теріс қорытынды берілді, – дейді баяндамашы.

Қайрат Жаппасбаев ендігі кезекте, жоғарыда аталған ТЭН-ге түзетулер (корректировка) енгізіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу қажет деп есептейді. Ол үшін жобалаушы мекемеден қажетті қаржының есебі алынған. Алынған есептілікке қажетті 7,4 млн. теңгені аудандық бюджеттен бөлініп «Проектсервис» ЖШС» мекемесі әзірлеп жатыр екен.

Енді бөлім басшысы айтқан жеке тұрғын үйлер құрылысына ойыссақ…

2022 жылдың  11 айында 18 мың 271 шаршы метрді құрайтын 123 үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артығымен орындалып отыр екен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 133,9 пайызды құрап отыр.

Бөлім басшысының сөзіне құлақ түрсек, әлі де шешімін таппай тұрған жұмыстар да жоқ емес екен. Мәселен, Қайрат Жаппасбаев олардың қатарында Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек/орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар аруханасы, аусымына 250  адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесі құрылысын қаржыландыру барын айтады. Жобаға сараптамадан оң қорытынды алынып, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Жоба құны 1 млрд. 290 млн. теңгені құрап отыр. Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» жер учаскесіндегі 170 гектарға инженерлік-инфрақұрылымы жобасына подстанция құрылысына жоба-сметалық құжаттар (сараптама қорытындысымен) әзірлеу. Ол үшін бюджеттен 15,7 млн. теңге қажет екен. Ал Жалағаш кентінен «Дәуімбай» учаскесінде салынатын бір пәтерлі 3 бөлмелі арендалық 20 тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтіп, тіпті құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру үшін 16.04.2021 жылы облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған да екен.

Кеңесте бөлім басшысына бірқатар сауал жолданып, ешқайсысы жауапсыз қайтпады. Сондай-ақ бөлім басшысы алдағы уақытта әлі де ауданда қарқынды құрылыс жүретінін айтады.

Мұнан кейін аудан жастарының тұлғалық дамуы және бос уақытын тиімді өткізуі бойынша хаттамалық ұсыныстардың орындалуы қаралды. Бұл тұрғыда атқарылған жұмыстарды Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Раисұлы кеңінен тарқатты.

Орталық директоры Нұржан Амандықтың сөзіне сүйенсек, Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7 974 жас бар екен. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды. Ал облыстық статистика департаментінің мәліметіне зер салсақ, аудан бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрайды екен.

– Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бар. Аталған мекеме 2017 жылы құрылдыған болатын. Қазіргі таңда орталықта 7 адам жұмыс жасайды. Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 110 шара өткізіліп, оған 5000-ға жуық жас қатысты. Оның ішінде кездесу, акция, семинар-тренинг, мерекелік шаралар, түнгі рейдтер, қайырымдылық шаралар, діни бағыттарға байланысты шаралар, спорттық шаралар, ерікті жастармен жұмыстар жүргізілді. Кеңеспен қамтылған жастар саны 396-ға жетті, – дейді ол.

Нұржан Амандық Жалағаш кентінде ашылған «Сoworking center» орталығы арқылы жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасау арқылы аудан жастарының 70 пайызын іс-шаралармен қамту жыл соңына дейін қамтылатынын айтады. Сондай-ақ ол аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, жастарға ауылдың құндылықтарын насихаттау үшін «Еңбек» лагері, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашық ақпарат көздерінен кинолар және спорттық сайыстардың тікелей көрсетілімдері дәстүрлі түрде жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

– Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетіп келеді. Оған дәлел бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы, 3 спорттық үйірме, 2 көшеге қоқыс жәшіктерін, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік, ауылды көркейту үшін 2 ауылға жаңа жоба және 1 отбасыға баспана табыстады. 2022 жылы еріктілер 6 млн 135 мың теңге қаржыны құрайтын 16 жоба жеңіп алды. «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 2020 жылы 14 жоба жалпы құны 5 млн. теңгеге, 2021 жылы 6 жоба жалпы құны 5,5 млн теңгеге грант жүзеге асырылды. Соңғы 3 жылдың ішінде республикалық шағын гранттар байқауына қатысу арқылы 16 млн 635 000 теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткішті өзге аудан жастарымен салыстырмалы түрде қарасақ, ең жоғарғы нәтиже, – деді орталық директоры.

Ауданда жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар арқылы оларды кәсіпке баулуда да біршама жоба жүзеге асқан және олар әлі күнге дейін жемісін беріп келеді.  Орталық директоры Нұржан Амандық жастар арасында жұмысқа орналасу бағытында осыған дейін бірқатар жұмыстар атқарылғанын айтады. Мәселен, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 1 405 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болса, оның 1169-ы немесе 83,2 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. (әлеуметтік жұмыс орны-7, жастар практикасы-168,  қоғамдық жұмыс-189, ұрпақтар келісімі-4, алғашқы жұмыс орны-14, қысқа мерзімді оқу-5 адам, «Бастау-Бизнес» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерінде оқу-454, мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс – 245). Ал «Жасыл ел» еңбек жасағына аудан бойынша жұмысқа тартылған жастар саны – 220.

Ұлттық жоба шенберіндегі 1 225 200 теңге (400АЕК) қайтарымсыз 162 жас грант иегері атанды. 2022 жылы 21 қыркүйектегі «Амаnat» партиясы жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңесінің №2 хаттамасындағы тапсырмаларға сәйкес орнадалған жұмыстар да көңіл көншітеді. Бұл бағытта ауданда мүмкіндігі шектеулі жастармен арнайы сауалнама жұмыстары жүргізіліп, қандай іске икемді және қызығушылығын анықтап, арнайы шаралар жоспары әзірленген. Осы жылы үстел теннисі және шахматттан спорттық сайыстар өткізіліпті. «Жас Ұлан» топтарымен мектептерде тұрақы кездесулер өткізіп, түрлі тақырыптарда семинарлар өткізілген.

Нұржан Райсұлы ең басты мәселе жастар арасында қылмыстың алдын алу, зиянды заттардан бас тарту қажет екендігі туралы бейнероликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілетінін айтады. Ал қолайсыз отбасындағы жастардың назарын аударып, көңіл күйін көтеру үшін мәдени және спорттық шараларға, киноларға тарту да өз деңгейінде жүзеге асып жатыр екен.

Кеңес мүшелері тарапынан бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жүйелеуге бағытталған бірқатар сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәселен, кеңес мүшелері әрбір ауылда осы жасатр саясатымен, жастар мәселесімен айналысатын бір маман боуы керек деп есептейді. Ал штат мәселесі қолбайлау болса, мұны қоғамдық жұмыс арқылы жүзеге асырған тиімді деп отыр.

Мұнан бөлек кейбір шаралардың болатыны ауылдарға кеш айтылатыны, кейде мүлде хабарланбайтыны да айтылды. Нұржан Амандық бұған қатысты тиісті жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе, яғни «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес құрамы бекітілді. Жаңа құрамды аудандық мәслихат депутаты Нарбота Серәлі таныстырды. Бұған қатысты кеңес мүшелері тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: