Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 11:39

Сот кабинеті сервисі

27.10.2022

267

0

Казіргі кезде қағаз құжат айналымын азайту және электрондық құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін көбейту мақсатында сот органдары өзге мемлекеттік органдармен электрондық құжат айналымының жалпы бірыңғай жүйесі арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

«Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы талап арыздарды қабылдау бағытында жұмыс белсенді түрде жүргізіліп келеді.

ҚР ұлттық куәландыру орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаларды қолдану арқылы онлайн қызметтерге қол жеткізу терезесі ретінде «Сот кабинеті» электрондық жүйесі іске асырылып келеді.

Сонымен қатар, арызды (өтінішті) «Сот кабинеті» арқылы қалай беру, қандай форматта беру қажет және ұсынылатын құжаттарға қойылатын шарттарға баса назар аударылды.

«Сот кабинеті» электрондық жүйесі Қазақстан Республикасындағы сот органдарының электрондық сервисіне қол жеткізуді жеңілдетін бірыңғай жүйе болып табылады. Аталмыш сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокаты немесе заңды тұлға өкілі өзіне қолайлы уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ ғаламтор желісі арқылы өзіне қажетті сот құжатын, сонымен қатар іс жүргізу деңгейін қарап, сот актісін басып шығара алады. «Сот кабинетін» қолдану сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуына үлкен септігін тигізуде және азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаржысын үнемдейді.

Қазіргі замаңғы жаңа технологияны сот жүйесіне енгізу, оны кеңінен халыққа түсіндіру арқылы қолдану соттағы іс жүргізуді жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді жояды, сотқа құжат тапсыру үшін ұзақ кезекке тұруды азайтады.

          Жалағаш аудандық сотының

          бас маманы Ғ.Б.Сахи

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: