Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сейсенбі, 23 сәуiр, 22:12

«Қайсар» украиналық командамен тең түсті

24.02.2021

412

0

Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы кезекті жолдастық кездесуін украиндық «Впк-Агро» командасына қарсы өткізді.

Сұлтан Әбілдаевтің шәкірттері кездесу барысында алғаш болып қақпаларына доп енгізіп алды.

Кездесудің 4 минутында қонақтар есеп ашып, алға шықты. Қасқырлар тайлы-тұяғымен шабуылға шыққанымен ойынның бірінші жартысында есепті теңестіру мүмкін болмады.

Кездесудің екінші бөлігінде алаңға тыңнан ойыншылар шығып, қарсылас қақпасын нысанаға алумен болды. Кездесудің 79 минутында Мақсат Байжановтың бұрыштамадан асырған добына Данияр Әлімжан бірінші жетіп, таразы басын теңестірді. Осылайша қасқырлар кезекті рет қарсыласымен тең тарқасты.

Қайсар: Салайдын (Леонов), Әмірсейітов (Сарбай), Потапов, НДойе (Алтаев), Карпович (Жақсыбаев), Денкович (Құлмағанбетов), Нәрзілдаев (Байжанов), Құлмағанбетов (Әлімжан), Махан (Кеңесов), Лаукжемяс (Абзалов).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: