Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 13 мамыр, 15:31

«Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды

13.05.2026

3

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақтағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының бағыты санитарлық тазалыққа, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негізделген.

Бюджеттен бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары, орталық алаңдар жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөнделуде. Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылды.

Мемлекет басшысының облыс орталықтары маңынан экопарктер құру тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласындағы Президент саябағы жаңадан салынды, 31 гектар аумақта субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, 50 метрлік шолу дөңгелегі, веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары және санитарлық нысандар орнатылды. Саябақ аумағына 10 мыңнан астам ағаш көшеті, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 мың көпжылдық гүл егілді.

Қазіргі таңда мұнда 300 орындық балалар лагері және Ботаникалық білім беру орталығы салынып жатыр. Онда тропикалық және экзотикалық өсімдіктер бағы болады.

​Бұл жұмыстар өңірдің барлық ауданында жалғасып, жаңа демалыс орындары, аллеялар салынып, көшелер абаттандырылды, жарықтандырылды. Демеушілік қаражаты есебінен Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» салынды. Қармақшы ауданының Жаңажол ауылында орталық алаң абаттандырылып, Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері көркейе түсті.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, оларды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жаратуда «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл салаға шетелдік инвестиция, озық технологиялар тартылды. Қызылорда қаласында шетелдік компаниялардың қатысуымен 2 ірі жоба құрылысы басталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: