Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтініш-тілектерін жеткізіп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал жасауын сұрады. Қабылдауға келген тұрғындардың көбі жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналасу сұрағымен жүгінді. Жұмыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.
Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жүргізетінін айтты. Аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудан әкімінің жауапты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!