Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жексенбі, 13 қазан, 15:25

Жалағашта сайлау күні Қасым-Жомарт дүниеге келді

20.11.2022

445

0

Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Яғни бүгін бұл отбасында шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Саяси науқан күні дүниеге келген сәбиге ата-анасы Қасым-Жомарт деп есім беріпті.

Бұл – Қанат Қорғанбаевтың төртінші перзенті. Немересінің атын атасы, ауданымызға белігі суретші, оқушылар үйінде 40 жылдан астам бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға қызмет еткен Жұматай Қорғанбаев қойыпты. Ал әжесі кітапқанада ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шықса, баланың анасы аудан орталығындағы №201 мектеп-лицейінің мұғалімі. Қанаттың өзі – ішкі істер саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі тәртіп сақшысы. Бүгінде ол Жалағаш кентінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс жасайды.

– Отбасымызбен сайлауға қатысамыз. Бұл біз үшін дәстүрге айналған. Себебі елдің болашағы – біздің отбасымыздың болашағы. Сондықтан Тәуелсіз қазақстанның болашағы үшін дұрыс шешім қабылдағанды жөн деп санаймын. Бүгін де сайлауда өз таңдауымызды жасадық. Осыған отбасымызбен баратын едік, бүгінгі саяси науқанда келінім перзентхана болып, түгел қатыса алмадық. Барлығы жақсылық қой. Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс жасайтын азамат болсын деп есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын, – дейді Қасым-Жомарттың атасы Жұматай Қорғанбаев.

Айта кетейік, аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов перзентханаға барып, бүгін дүние есігін ашқан сәбидің анасын құттықтады. Аудан әкімінің ықылас гүлін, сый-сыяпатын табыстады.

Бүгінде 4 келі 400 грамм, бойы 55 см болып туған кішкентайдың да, анасының да жағдайы жақсы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: