Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Бейсенбі, 02 шiлде, 18:06

«Әділет» партиясының Қызылорда облыстық филиалында басшылық органдар қалыптастырылды

02.07.2026

3

0

«Әділет» партиясының облыстық филиалында конференция өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал төрағасы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ конференция барысында партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Ашық дауыс беру нәтижесінде облыстық филиалдың басшысы болып мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар Жандос Базартай сайланды. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және өңір тұрғындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді.
Өз кезегінде Жандос Базартай өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін өңірде сапалы іске асыруға, халықтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қоғаммен ашық, сындарлы әрі нәтижелі диалог орнатуға күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Алқалы жиында партияның Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесінің және Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Саяси кеңестің құрамына кәсіпкерлік, білім беру, ғылым, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес сектор, жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары және өңірдің экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын танытатын өкілдер енді.


Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, қаржы және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар сайланды.
Осылайша, партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастырудың ұйымдастыру кезеңі аяқталды. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партиялық бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты дамытуға кіріседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: