Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 05:57

Журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

30.10.2020

596

0

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына Мәжіліс мүсіншесі мен дипломдарды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі парламенттік сыйлықтың қорытындысы жаз мезгілінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шығарылған болатын. Алайда карантинге байланысты естелік мүсіншелер мен лауреаттардың дипломдарын тапсыру рәсімі күзгі парламенттік сессияға ауыстырылды. Мәжіліс Төрағасы «Парламент сөзі» сыйлығын жеңімпаздарға табыстап, бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің дамуындағы, сондай-ақ депутаттық корпус пен журналистердің бірлескен нәтижелі жұмысын атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, журналистердің Мәжіліс жұмысын насихаттап, депутаттардың қызметін халыққа жеткізуде қосқан үлестері өте зор.

«Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Qazaqstan dauiri» бас директоры Сәуле Мешітбаева және «Караван» газетінің бас редакторы Игорь Шахновичке берілді. «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясын «Хабар» телеарнасының тілшісі Индира Жылқайдарова мен «Еуразия» бірінші арнасының» тілшісі Светлана Пенькова иеленді. Ал, «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Темір Құсаинов пен «Литер» газетінің ұжымы жеңіп алды. «Үздік интернет және радио материалы» номинациясын «Abai.kz» ақпараттық порталы және Серік Сабеков («Kazinform») иеленді. «Парламент сөзі» сыйлығының «Арнайы репортаж» номинациясын «Қазақ радиоларынан» Қымбат Досжан және «Хабар 24» телеарнасының корреспонденті Марк Брюшко алды. «Үздік бейне – сурет материалы үшін» номинациясын «Nur Media» фототілшісі Советбек Мағзумов және «Хабар» телеарнасының бас операторы Еділ Ермекбаев иеленді. Сондай-ақ, биыл әлеуметтік желідегі үздіктер анықталды. Олар «Әлеуметтік желідегі үздік материал үшін» номинациясын алғаш рет журналист-блогер Өркен Кенжебек және YEDILOV ONLINE Telegram-каналының авторы Ербол Еділов иеленді. Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен биылғы жылы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы» номинациясы мезгілсіз дүниеден өткен халқымызға белгілі журналист, танымал тележүргізуші, ардақты азамат, Бейсен Құранбектің құрметіне беріліп, арнайы сыйлық жарына табысталды.

Жеңімпаздарға Мәжіліс мүсіншелері және арнайы дипломдар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: