Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:46

Сыр өңірінен Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтіледі

23.02.2023

428

0

Бауырлас Түрік еліндегі жойқын жер сілкінісі салдарынан оңтүстік-шығысындағы бірнеше қалалар үйіндіге айналып, ондағы адамдар ауыр жағдайға тап болды. Бұл қайғылы оқиғаға Сыр жұртшылығы да бей-жай қарамай қолдан келгенше көмек беруге тырысуда. Қазіргі таңда қажетті деп танылған жеке гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер және азық-түлік қоры жиналуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ерлан Сисенбиев хабарлады.

Осы айдың басында Түркия мемлекетінің оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балды құрайтын жойқын жер сілкінісі орын алды. Зілзала кесірінен 46 мыңнан астам адам қаза тапты. Бауырлас түрік ағайынның қайғысына баршамыз ортақпыз. Бұл ауыр жағдайға Сыр өңірінің жұртшылығы да қолдан келген көмектерін беруде. Осыдан екі апта бұрын Сыр волонтерлерінің ұсынысымен сол жағалауда орналасқан Жастар ресурстық орталығының ғимаратында гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Мұнда аса қажетті деп танылған заттар тізімі бойынша тұрғындардан жылу жиналды. Бүгінгі таңда 5 тонна төсек-орын, 2 тонна тұрмыстық-шаруашылық заттары, 1 тонна жеке гигиеналық заттар, 10 тонна азық-түлік қоры мен киім-кешектер топтастырылып, арнайы жүк көлігіне тиелді. Бұл шара осы аптаның соңына дейін жалғасады. Егер жәрдем беруге ниетті жандар болса сіздерді аталған мекенжайда күтеміз, -деді Ерлан Мырзалыұлы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: