Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
Барлық өңірде – екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, солтүстікте бұршақ болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі жоғары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!