Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 04:42

Килиан Мбаппе Францияда «ПСЖ» командасының рекордын орнатты

15.04.2023

288

0

Франция құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе «ПСЖ» командасының рекордын орнатты, деп хабарлайды Сhampionat.com сайты.

Алынған мәліметке қарағанда, Мбаппе Франция чемпионатының 31-турында «Ланспен» өткен матчта 31-минутта гол соқты. Осылайша, Килиан «ПСЖ» құрамында Франция біріншілігінде соққан гол санын 139-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен ол уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каваниден (138) асып түсті. Швециялық Златан Ибрагимович (113) үшінші орында.

Мбаппе биылғы маусымда Франция чемпионатында 20 рет көзге түсіп, мергендер көшін бастады. «Лион» клубынан Александр Ляказет пен Джонатан Дэвидтің («Лилль) есебінде 19 доптан бар.

Сондай-ақ, Мбаппе осы маусымда Еуропаның үздік 5 чемпионатында гол санын 20-ға жеткізген төртінші ойыншы атанды. Осыған дейін бұған Эрлинг Холанд, Гарри Кейн және Виктор Осимхен қол жеткізген еді.

Биылғы маусымда 24 жастағы франциялық шабуылшы «ПСЖ» құрамында барлық турнирлерде 35 матч өткізіп, 31 гол соғып, 7 рет нәтижелі пас берді.

«ПСЖ» Франция біріншілігінде екінші орында келе жатқан «Ланстан» 9 ұпайға ұзап кетті. Ол 72 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: