Конституция

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 07 шiлде, 03:29

Жаңақорған ауданында ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың жүрегі, конституция – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

05.07.2026

5

0

Жаңақорған кентінің «Prime Park» орталық саябағында ұйымдастырылған ерекше форматтағы мерекелік шараға тұрғындар мен қонақтар алдымен «Қазағымның дастаны – Домбыра» атты тақырыптық көрмені тамашалап, ұлттық мұрамыздың тарихы мен тағылымын танытатын құнды жәдігерлермен танысты.

Мерекелік кеш «Қос ішектегі – қазақтың ғұмыры» атты театрландырылған прологпен ашылды.

Тағылымды іс-шараға жиналған аудан тұрғындары мен жас буын ұлттық құндылығымыз – домбыраны ұлықтап, күй күмбірін бірге шертіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін паш етті.

Іс-шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: