Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 08:44

Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау облысының тұрғыны 12 миллион теңгеден астам сыйақы алды

20.01.2023

265

0

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2миллионтеңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды.

2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді.

Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Антикор Call-орталығына 27мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түсті.

37 хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 18 сотқа жолданды, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі бойынша 20 тоқтатылды, 25 ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды.

Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап етуөкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: