Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:13

Алтын босағаның тәлімі

11.10.2022

1776

0

Бұрынғы үлкендердің тәрбиесі тәлім мектебі деп қалай айтпасқа? Шынында «жақсы жерге келген келін – келін, жаман жерге келген келін – келсап» деген бабалар сөзі ащы да болса шындық. Шындық дейтінім, бас қосқан бір отырыстағы құрбымның әңгімесіне орай расталып тұр. Сол күні құрбым өзінің сырын ешкімге айтпауымызды өтініп, мөлтек сырын бізбен бөліскен болатын. Ол – бүгінде көпбалалы ана. Сол күні бір кездері қайын атасын қатты ренжітіп алғанын бізге сабақ болсын деп әңгіме тиегін ағытты. Сол қатесін түзету үшін атасы бөлек тұратын оларды қара шаңыраққа көшіріп әкепті.

«Ол кезде жаспыз,қызмет қуып жүрген кезіміз еді. Отағасы инженер болған соң қайда жұмсаса,сонда кетеміз. Үйленген соң ата-енемнің қолында тұрып та үлгермедік. Сөйтіп көшіп-қонып жүргенде үш баламыз дүниеге келіп үлгерді. Бірінен соң бірі туған үш ұлдың күтімі оңай емес. Кішісі тіпті мазасыз болатын. Сол жылдары кезекті демалыста қара шаңыраққа қыдырып барып бір аптадай жатып қайтатын болдық. Ол үйдегі қайнымның төрт баласына қосылып,ата-әженің өбектегеніне тез үйренген балалар анасын тыңдаушы ма еді? Онсызда жүйкем жұқарып жүрген. Үлкенім айтқанымды тыңдамай қырсығатын әдет шығарыпты. Түс кезі болатын. Үйдегілердің барлығы шілденің ыстығында салқын бөлмеге кіріп демалып жатыр. Менің ғана балаларым айғай-шу салып жатқан. Үлкен екеуін желкелеп апарып үйдің артында жұмсақ жерінен шапалақпен шартылдатып та алдым. Аузымнан ашуланған соң «Атаңа нәлеттер-ай»деген сөзде шығып кетіпті. Тап сол уақытта бақша жақтан келе жатқан атамды көріп қысылып қалдым. Олда маған тіксініп қарап қалған екен.


«Шынымды айтсам,мен бұл сөзге соған дейін мүлде мән бермеген екенмін. Несін жасырамын,бала күнімнен шешемнен естіп өскен сөз еді» дейді құрбым көзіне келген жасын сүртіп. Бірақ сол күннен бастап іштей анама ренжідім. Неге ол сөзді парқына жетпей, ашуланғанда бізге айтты екен? Ол осынау парықсыз сөздің құлағымыз арқылы санамызға,одан тілімізге сіңіп кететінін ойламады ма?Оғанда «тәйт» дейтін жанның болмағаны ма?» деп көкірегім қарс айырылды.
Сол оқиғадан кейін үлкендер жағы мені қара шаңырақта қалдыру туралы шешім қабылдапты. Тап сол күні атасы отбасын жинап,қолдағы кіші баласын еншісін беріп шығарып салып,инженер ұлына, яғни менің күйеуіме шаңыраққа ие болатынын айтқан.
«Әулетте атамызға қарсы келетін ешкім жоқ,тіпті одан үлкендер болсада «шалдың баласы» деп ешкім бала күнінен қарсы келмеген екен. Балалары атам сөйлесе мүлде жақ ашпайды.
Күйеуім де қанша қимағанмен қаладағы жұмысын тастап ауылға келетін болды. «Әкем неге өйтті екен? Менің аптасына сыра ішіп,карта ойнайтынымды айтып қойдыңба?»деп мені қыспаққа алды. Мен мәселенің неден шыққанын іштей сезсемде, үнсіз қалдым. Ертеңіне күйеуім жұмысын реттеу үшін қалаға кеткенде енем жеке алып қалып маған бәрін түсіндірді. Жарықтық,бір дауыс көтермейтін жан еді ғой. «Өз балаңның болашағына нәлет тілегенің не,қарағым? Оның атасына айтқаның – балаңа айтқаның. Атасы алған қарғыс оның жеті ұрпағына кетеді. Атаңа нәлет деген –«лағынет жаусын» деген сөз. Қалай айтасың мұндай сөзді? Атаңды ренжіттің, сол қатең үшін сендерді қолда қалдырды» деп сабырмен түсіндірді.
Мен алдында жылап отырдым. «Соншалық ауыр сөзді қалай айттым екен?» деп. Жылы орнымызды тастап,екі отбасы екі айдың ішінде көшіп- қондық. Өміріміз күрт өзгерді. Үйде еркін жүрген менің етек-жеңім жиналып, күйеуімнің апта сайынғы демалысы азайды. Есесіне балаларым еркін.Ұрыспай, ұрмай тәрбиелейтін ата-әжесі бар. Үй шаруасының көбейгені болмаса,балаларыма қарасатын енемнің қадірін білдім дейді атын айтпауымды өтінген құрбым.
Сөйтсе, атасының реніші онымен де бітпепті. Осы бір ауыр сөзді айтқаны үшін қайын атасы келінінің салған сәлемін алмай,құйған шайын да ішпей қойыпты. Тіпті құдаларына да бармай қойған.«Атамның діні мұнша қатты деп ойламаппын. Бірақ мен құйған шайдан ішпей,тек енем құйған кеседен ғана алатыны үшін басында жылап жүрдім. Дастарханға екі шәйнек шәй демдеп әкелеміз. Ал енем бір жаққа кетсе,атам ауылдағы інісінің үйіне кетіп қалады. Сол жақтан тамақ ішіп, кемпірі келгенше үйге жоламайды. Енем де соны біледі,барған жерінен тез қайтады. Ололма,таңертеңсәлемсалсам,бас изейтін де,өтіпкететін. Бұрынғыдай «бақыт­ты бол, балам» деген сөз жоқ. Енем мені сабырға шақырды. «Бір күні ашуы басылады» дейді жәймен. Ал күйеуім себебін түсінген күні бір ренжіді, бір күлді. «Өзіңе де обал жоқ» деді маған.
Ауыр тигені сол, бір жарым жыл өткенше атам менің төркінім жасаған жиын – тойға аттап баспады. Себебін де айтпайды, енемді де жібермейді. Құдалары бір-екі шақырғанға келмеген соң менің әке-шешем де уайымдай бастады. «Құданы ренжітіп қойдық па? Әлде бірдеңе болдыма?» дей бергенсоң сөйлесуден де қаша береді екенсің. Не керек, біржарым жыл уақыт бойы бір сөз үшін атам мені осылай жазалады. Бірге тұрып, отбасы мүшесінің біреуі сені елемеген кейіптанытса,сен құйғаншәйдыішпейқинаса,жаманболадыекенсің. Төртіншіұлымдыдүниегеәкеліп,қырқынаншыққанкүніатам«Келін,ендіұрпағымажамансөзайтпа. Ауырыбүгінмағантисе,ертеңөзіңетиеді. Кешірдім»дегендежылапжібердім.
«Ал,ендіқалағанжақтарыңа кете берсеңдерболады»деді.Мен кетпедім. Күйеуімнің үйренген ортасына барғысы-ақ келді. Бірақ мен атам мен енеме үйренген балаларымды қимадым. Дауыс көтермей-ақ бір-ақ рет айтып жетеңе жеткізе білетін ондай адамдар жоқ шығар қазір. Бар болса да аз дейді бүгінде алты бала тәрбиелеп отырған құрбым.
Содан кейін ол келіншек балаларына ауыр сөз айтпақ түгілі енесі сияқты дауыс та көтермеуді үйреніпті. «Баланы осылай айғайсыз да тәрбиелеуге болатынын білсемші. Бұрын айқай салғанша тыңдамайтын бұзықтарым мен сабырлы болған сайын елгезек бола бастады. Бәрі атам мен енемнің берген тәрбиесі. Қолымызда 10-ақ жыл тұрғаны өкінішті. Ауырмай-сырқамай жетпістен асқанда бір-ақ күнде атам,артынан үш айдан соң енем кете барды келмеске. «Ұзақжасағандағой,шіркін!» депкөңілібосадықұрбымның.
Қандай тәрбие десеңші. Осындай айғай-шусыз адамды сабасына түсіретін жандар сирек екені өкінішті. Жалғыз ауыз сөзбен ұрпағына шалқар теңіз тәлім беретін қариялар жоқ деп те айта алмаймыз. Отбасының алтын босағасын берік ұстап, оған құт-береке ұялатып, ізгілік пен ұлттық құндылыққа баулитын қарттарым-ай, сіздер аман болыңыздаршы!

Г.АСҚАРҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: