Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 16:20

Тоқаев Марат Омаровты жауапты қызметке тағайындады

21.10.2020

534

0

«Мемлекет басшысының өкімен: Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды» делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін Болат Сәмбетов Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.Рустам Нұрланұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2001 жылы Қазақстан Республикасы президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға референті қызметіне қабылданды.
Әр жылдары Президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2011 жылы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
2014 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың сәуір айы аралығында ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.
2017 жылы ұлттық экономика министрлігінің табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2019 жылы ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болды.
Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы дүниеге келген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы Лондон қаласында Digiet Limited IT компаниясында бизнес-сарапшы болып бастаған.
2010-2012 жылдары Digiet Limited IT компаниясының коммерциялық директоры болды.
2012-2014 жылдары экономикалық даму және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2014-2016 жылдары ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болды.
2016-2017 жылдары «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры болған.
2017 жылы технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басшысы болып тағайындалды.
2019 жылы «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: