Мемлекет басшысы Қасым-Жомрт Тоқаев облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес қаулы етемін: Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін», – делінген құжатта.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, бүгін, 8 маусымда елімізде ресми түрде үш жаңа облыс құрылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!