Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:16

«Ауыл аманаты» жұмысын бастады

18.04.2023

388

0

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы кеше баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков айтып өтті.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» пилот­тық жобасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, олардың табысын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ жобаға қатысу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісін жаңа­дан бастағандар үшін жақсы қолдау болмақ.

– Бағдарламаны іске асыру үшін 2023 жылы Қызылорда облысына 3 млрд теңге бөлінді. Ал несиелерді беру маусым айынан бастау алады деп жоспарланған. Бағдарлама аясында ауыл тұрғындары жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке рәсімдей алады. Қарыз алу шарттары да тиімді, себебі ондағы пайыз­дық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Мәсе­лен, несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін құру са­ла­сындағы жобалар бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге 2,5 пайыз жеңілдетілген мөлшерлемемен шағын несие алуға мүмкіндік береді, – деді қала әкімінің орынбасары.

Пилоттық жоба аясында микро­кре­­­диттерді беру үшін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ бел­гіленіп, «Өңірлік инвестиция орта­лығы» МҚҰ бөлімшесі арқылы іске асы­рылады.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасының мақсаты – ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер маусым айынан бастап беріледі. Бағдар­лама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған.

Пилоттық жоба бойынша ауыл тұрғын­дары өз бизнесін дамытуға немесе коо­ператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік бар. Қарыз алу шарттары да тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен.

Несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін құру сала­сындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін беріледі. Оның ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша ай­қын­далады. Номиналды сыйақы мөлшер­лемесі – 2,5 пайыз.

Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Сондықтан ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Бағдарлама әкімшісі – облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Микрокредиттерді беру үшін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ белгіленіп, бөлімшесі «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ арқылы іске асырылады. Қаржыландыру бағыттарына келсек, өңдеу саласына қатысты жоба­ларды қаржыландыру, яғни олардың қатарында жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы бар. Өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар да қаржыландырылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту секілді басқа да бағыттағы бизнес жобалар қражылай қолдауға ие болады.

Негізгі талаптарына келсек, несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі мін­детті. Сондай-ақ басқа да несиелер бо­йынша мерзімі өткен жарна болмауы тиіс. Жоба авторының мемлекеттік кірістер органдарында берешегі болмауы керек.

Мұнан бөлек несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы шарт. Несиені кепілмен қамтамасыз етуге келсек, кепіл мүлкі қалада орналасқан жағдайда 70, ауылдық елді мекенде орналасқан жағдайда 50 пайыз беріледі. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы, яғни жер телімі, қора және басқа да қажетті жабдықтар болуы шарт. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру де міндетті. Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу керек.

Несие алу алгоритміне келсек, сенім білдірілген өкіл микрокредит алуға үміт­кер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады. Құжаттар мик­ро­кредиттер беру талаптарына сәй­кес келген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға баға­лау жүргізеді және микрокредитті ма­құл­дау не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Мақұлданған жағ­дайда үміткермен микрокредит беру ту­ралы шартқа қол қояды, содан кейін мик­ро­кредитті оның ағымдағы шотына аударады.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: