Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 19:36

Жол сапасы жақсарады

15.08.2023

1507

0

Ауылдарды дамытуға бағытталған жарқын жобалар ел қуанышын еселемек. Соның бірі ауданмен іргелес жатқан Бұқарбай батыр ауылында биыл айтарлықтай ауқымды істер атқарылады. Еңбекпен еңсе тіктеген елді мекеннің бүгінгі тірлігі тындырымды, шаруасы ширақ екенін аудан жұрты жақсы біледі. Халқы да бірлікті ту етсе, ауыл әкімі елді мекеннің гүлденуіне жүйелі жұмыстар атқаруда.

Жалпы, ауданда әлеуметтік-эконо­ми­калық даму, аудан халқының әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру секілді мәселелер күн тәртібінен түспей келеді. Бірнеше жылға жоспарланған ау­данға қарасты елді мекендерді да­мыту жобасы аясындағы жұмыстар ке­зең-кезеңімен жүзеге асуда. Әсіресе ауыл­дық жерлердегі жол жайы, жарық пен аяқ су мәселесінің оң шешімін тауып жатқаны көңіл қуантады. Ал бір ғана Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша өткен жылы «Байтабын» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен ба­ла­­лар ойын алаңы салынды.

Жоба құны 10 млн теңгені құрады. Ал биыл де­­меушілер арқылы «Мелиоратор» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен 10 млн теңгеге Бұқарбай батыр атындағы ме­­шітке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­­гізіліп, қазіргі уақытта аталған ме­шіттің үлкен және кіші күмбездері мен сырт­қы есігі жаңадан ауыстырылған. Қазан айына дейін ішкі және сыртқы қас­беттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар осы серік­тестіктің демеушілігімен 25 млн теңгеге «Демалыс паркі» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қазан айында толық аяқталып, ел игі­лігіне пайдалануға беріледі деп кү­тілуде.

«Жаңару» ФҚ-ның жеке қаражаты есе­бінен 2 млн теңгеге маусым айында Ким Яков көшесіне тас төсеу жұмыстары жүр­гізіліп, тиісті жұмыстар толық аяқталған. Ал «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ая­сында А.Құнанбаев, Бұқарбай батыр, А.Төлеубаев көшелеріне асфальт тө­сеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 181 млн 592 мың 600 теңге. Мер­дігер мекеме – «Көлік құрылыс ком­паниясы» ЖШС. Бұдан бөлек ауыл­ішілік 11 көшеге, яғни Т.Үркімбаев, Н.Оспан­құлов, Ким Яков, П.Әлпейсов, Қой­шы­ғұл, Ж.Сақтағанова, С.Айтуаров, Ә.До­сым­бетов, Ә.Бердаулетов, С.Бай­қа­дамов, Қ.Сейтов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылған. Аталған жұмыстардың жоба-сметалық құжаттары жасалып, мем­лекеттік сараптамадан өткен.

Тағы бір сүйін­шілейтін жұмыс – А.Құ­нанбаев, Бұ­қарбай батыр, А.Ізте­леуова, Т.Үркім­баев, Н.Оспан­құ­лов, Ким Яков, П.Әл­пейсов, Қойшығұл, Ж.Сақ­­­тағанова, Н.Алма­ған­бетов, Ж.Ер­ма­­ған­­бетов, Ж.Жабаев, Ә.Досым­бетов, Ә.Бердаулетов, С.Байқа­дамов, Қ.Сей­тов сынды 16 көшеге жарық шам­да­р орнатуға 172 млн 856 мың 206 теңге бюджеттік өті­нім ұсынылған. Бұқарбай батыр ауы­лын­дағы негізгі жобалардың бірі 3 кө­шеге, яғни А.Құнанбаев, А.Төлеубаев, Бұқар­бай батыр көше­леріне биыл жалпы құны 184,1 млн теңгеге күрделі жөндеу жүр­гізіледі.

Бәрімізге белгілі ауылдық жерлердің негізгі күнкөріс көзі – ауыл шаруашылығы. Ал біз айтып отырған ауылда егін ша­руашылығының үлесі басым. Ауылдық округтің егіс алқаптарынан барлығы 30 гектар жер ашылып, бұл жерге бү­гінде 230 отбасы бақша өнімдерін ор­на­ластырып, күтімге алған. Ал сыр са­лысының үлесі 3 241 гектарды құ­райды.

Бұқарбай батыр ауылында кә­сіп­керлікке бетбұрғандар да аз емес. Жыл басынан бері 5 тұрғын қай­тарымсыз грантқа қол жеткізіп, мем­лекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Жолы болған жандардың басым бөлігі мал шаруашылығын дөңге­лентуді жөн көріпті. Ал мемлекеттік бағ­дар­ламалар шеңберінде пайызы тиімді несие рәсімдеген 9 шаруашылық бар. Бұлардың барлығы егін және мал шаруашылығын дамытуға күш салған. Сонымен бірге «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 7 тұрғын құжат тапсырыпты, нәтижесі алдағы уақыттың еншісінде.

Көріп отырғанымыздай, бір ғана Бұқарбай батыр ауылының өзінде қан­ша көше жөндеуден өтіп, қаншама көше жарықтандырылмақ. Бұдан бө­лек атқа­рылып жатқан жұмыстарды қо­сыңыз. Барлығы ел игілігі үшін. Игілікке бағыт­талған жобалар өміршең, нәтижесі оңы­нан болса, ауылдардың көрсеткіші ар­­қылы ауданның даму динамикасы жоға­­рыламақ.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: