Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сенбі, 04 мамыр, 13:01

Әйел қырық шырақты

25.04.2024

537

0

Қазақ халқы қашанда қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. Әйел адам әрқашан, әр кезде ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болып танылған. Әйел туралы көптеген қанатты сөздер баршылық. Бүгінде ер-азаматтың қолынан келген істі әйелдердің де еңсере алатынына көптің көзі жеткен. Тіпті қатардан озып, алдыңғы шепке шыққандар да баршылық.

Бүгінгі қоғамдағы саланың қай-қайсысында болсын әйел қолының таңбасы барына сүйсінесің. Әлбетте, бұл – жаңа заманның тың талаптарының көрінісі. Әйелдердің қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен таланттылығы қашаннан жоғары бағаланады. Бала тәрбиесімен қатар өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарап жүрген әйелдер қоғамда көптеп кездеседі. Осы себеппен де «Әйел қырық шырақты» саналады.

Қай істі болсын ұршықша иіріп әкететін әйелдердің тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де қадірін еселей түскендей. Нәзік жандылардың іскерлігі өздері қолға алған істен көрініс табады. Олар еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы, өркениетті ел болуы жолында еңбек етіп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр. Өзіміздің ауданымыздан да әртүрлі кәсіп көзін ашып, зор еңбекпен ел ықыласына бөленіп отырған аналар аз емес.

 «Қыздың қырық шырағы бар», «Әйел қырық жанды» дейтін сөздердің астарында терең мән-мағына жатыр. Әйел адамның мойнына артылған жүк ауыр екенін осыдан-ақ байқауға болады. Әйелдің болмысына сай тұрмыстың қандайына болса да төзуіне тура келеді. Олар күш жағынан әлсіз болғанымен, ішкі жан дүниесі мен жүйкесі мықты. Әйелдің ғұмырын бойына сіңіріп, әйел атына сай болу үшін де дүниеге бала әкеліп, оны өсіру үшін, тұрмыс тауқыметіне төзу үшін әйелге қырық жанның керек болатыны сондықтан. Әйел адам қанша жерден нәзік, әлсіз болға­нымен, ер адамдарға қарағанда әлдеқайда төзім­дірек келеді. Нәзік жанның басына түскен ауырт­палықтарды жеңуі оның ішкі күшінен хабар береді. Бір жағынан алып қарасақ, ол әйел адамның ішінде жатқан сезімін білдіре алу қабілетінен болар. Себебі бәрімізге белгілі көбінесе ер адамдар ішкі сезімін білдіре алмайды, мұңын, ренішін өзгеге толықтай айтып, керек жерінде көз жасын төгіп жібермейді, ал күйзелісін, уайымын іште қалдырғандығы оның көңіл күйіне, денсаулығына әсер ететіні сөзсіз.

 Ал әйелдің қырық айласы өмірде таптырмайтын қару. «Әлем менікі» деген әйгілі Шыңғыс хан, француз қолбасшысы Наполеон, Римнің әскери қолбасшысы Цезарь сынды хас жауынгер батырлар әйелдерінің де ақылына жүгініп отыруды ерсі көрмеген. Негізінде, әйелдер ақылымен озық, жүрегімен батыл, істе өжет келеді.

Тату-тәтті қазақ отбасыларында өскен қыз балалар бабаларымыздан дарыған асыл қасиеттердің арқасында ақылды да көрікті болып өсіп келеді. Талапшылдықтың нәтижесінде қандай істі қолға алса да тиянақты етіп атқарады. Балалық шақта алған жақсы тәлім-тәрбие өмірлік азық болары хақ. Ас ішерде тазалықты, киім киерде тиянақтылықты, әңгіме тыңдауда зейінділікті, жүріп-тұруда ұқыптылықты ең алдымен әйел заты бақылап отыратыны шындық. Балалары ақылды, алғыр, жауапкершілігі мол болып өссе, әйел қашанда олардың қуанышты келбетінен қуат алып, өзін сергек сезінеді. Әйел – үйдің берекесі, ошақ анасы, ұрпақты әкелуші. Себебі «Қыздың қырық шырағы бар», «Әйел қырық жанды» дейтін сөздердің астарында терең мән-мағына жатыр. Әйел адамның мойнына артылған жүк ауыр екенін осыдан-ақ байқауға болады. Әйелдің болмысына сай тұрмыстың қандайына болса да төзуіне тура келеді. Олар күш жағынан әлсіз болғанымен, ішкі жан дүниесі мен жүйкесі мықты. Әйелдің ғұмырын бойына сіңіріп, әйел атына сай болу үшін де дүниеге бала әкеліп, оны өсіру үшін, тұрмыс тауқыметіне төзу үшін әйелге қырық жанның керек болатыны сондықтан. Әйел адам қанша жерден нәзік, әлсіз болғанымен, ер адамдарға қарағанда әлдеқайда төзімдірек келеді.

Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Олар — ана, олар – жар, олар — қыз, олар — келін. Қызметтен де басқа қоғамдағы орындары бар. Ең бастысы — әйел қоғамның тең құқылы мүшесі. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Әйел әр отбасының тірегі, олай болса ол мемлекеттің де тірегі болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттіліг туындап отыр. Ол әлемнің көптеген елдерінде зертеліп, нақты іс-шаралар арқылы  өз деңгейінде қолға алынуда.

Г.БАЙКЕНЖЕЕВА,

Жалағаш аудандық сотының жетекші маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: