Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 03 мамыр, 04:28

Аурудың алдын алған абзал

21.07.2023

293

0

Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Бұған дейін тасымалдаушысы кене болатын конго-қырым қандыбезгегі турасында сөз еткен едік. Енді Жалағаш аудандық СЭББ басшысының міндетін атқарушы Г.Айымбетова брифинг өткізіп, жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу, аурудың белгілері туралы кеңінен ақпарат берді.

Жаз, күз мезгілдерінде жіті ішек жұқпаларымен ауыратын науқастар саны көбейе түседі. Өйткені бұл мез­гілдерде ауа-райының жылып, күн­нің ыстық болуы ауру қоздыр­ғыш­тарының сақталып қана қоймай, тез бұзылатын тағам түрлері ет, сүт, ба­лық өнімдерінде, салаттарда, крем­­­ді, кондитерлік өнімдерде көбейе тү­­­суіне қолайлы әсер етеді. Соны­мен қатар жаз, күз мезгілдерінде то­пырақпен, тыңайтқыштармен лас­тан­ған көкөніс, жеміс-жидектерді жу­май жеу аурудың көптеп тіркелуіне себеп болады.

Брифингте айтылған мәліметтерге сүйенсек, жұқпалы жедел ішек инфек­циясының алғашқы белгілеріне іштің жиі, су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, нәрестенің емуден бас тар­туы, асқа тәбетінің болмауы, шөл­деу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кіле­гейдің пайда болуы жатады. Нау­қаста қайталамалы құсу орын алып, іш өткен сайын баланың жағдайы ауыр­лай түседі. Өйткені ағза өз тір­шілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған кли­никалық белгілер пайда бола бас­та­ғаннан дәрігерге көріну керек. Мұн­дай кезде дәрігер келгенше не­месе жеткенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйық­тықты молынан көбірек ішкізген жөн. Маманның сөзінше, өздігінше ем­делу аурудың асқынуына әкеліп соғуы да мүмкін, тіпті созылмалы фор­ма­ларына ұласуы да ғажап емес.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметі бойынша, да­мушы елдерде жыл сайын 1 млрд ішек аурулары тіркеледі, олардың ішінде 5 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65-70 пайызды құрайды. Жыл сайын диа­реядан 3 млн бала көз жұмады. Бұл жұқпалы ауру әлемде және біздің елі­мізде де ең көп таралған. Бұл аурумен барлық жастағы адамдар ауырады. Бірақ аурудың қауіптілігі 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте жоғары деп есептеледі.

– Ауданымызда биылғы жыл ба­сынан 11-ші шілде аралығында ЖЖІИ-ның алғашқы диагнозымен 71 жағ­дай тіркеліп, 100 мың халыққа шақ­қандағы көрсеткіш 197,6 құра­ды. Сырқаттанушылықтың 81,6 па­йы­зы 14 жасқа толмаған бала­лар үлесінде болып, оның 22,4 пайы­зы 1 жасқа толмаған және 32,7 пайы­зы 1 жастағы сәбилер құ­ра­ды. Ал жұқ­палы жедел ішек ауру­лары ас­қа­зан-ішек жолдарының қабы­нуы­мен сипатталатын патогенді, шартты патогенді бактерия, вирустан бола­тын, диареямен, адам ағзасының уыт­­тануымен және сусыздануымен си­пат­талатын әртүрлі жұқпалы ау­ру­лар тобы. Жедел жұқпалы ішек ауруларының тобына дизентерия, іш сүзегі, А, В паратифтері, тағамдық токсикоинфекция, сальмонеллез, гас­троэнтериттер жатады. Жоғарыда аталған жұқпалы ішек аурулары бір топқа жатқанымен, ауруларды әр­түрлі қоздырғыштар тудырады және олар әрқалай өтеді, – деген Г.Айым­бетова аталған ауру әлемде кең таралған дерттердің бірі екенін де жасырмады. Яғни инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп тарайды. Тағы да қайталап өтейік, инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде бо­луынан, азық-түліктерден, яғни жуыл­маған көкөніс, пісірілмеген сүт, сапа­сыз, шала пісірілген тағамдармен тамақтануда, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түсуден де жұғуы мүмкін. Ал жаз айларындағы негізгі тасымалдаушысы шыбын.

Брифингте айтылған мәліметтерге сүйенсек, жұқпаның негізгі көзі – нау­қас адам.

Маманның сөзінше бұл дерттің алдын алудағы бірден-бір жол – сақтық шараларын қатаң сақтау. Өйткені бар­лығы денсаулыққа немқұрайды қараудан, салғырттықтан болатыны даусыз. Ал науқастары саны бойынша алдыңғы тізімде тұрған жұқпалы жедел ішек инфекциясының алдын алу шаралары аса қиындық туғызбайды. Мәселен, сәбилерді 1 жасқа дейін тек қана ана сүтімен қоректендіру, жеке бас тазалық шараларының қа­рапайым қағидаларын сақтау, суды тек қайнатылған түрде, сүтті пісіріп ішу, көкөністер мен жеміс жидектерді мұқият жуу, қайнаған сумен шаю, ас дайындауға, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерін пайдаланбау, дайындалған тағамдарды ашық қал­дырмау, исі, дәмі, сақтау мерзімі бұзылған азық-түліктерді пайда­лан­бау, тез бұзылатын тағамдарды тоңа­зытқышта сақтау, жиналып қалған лас- қоқыстарды уақытылы тазалап отыру, ауру тасымалдаушы болып табылатын шыбындарға қарсы есік, терезелерді торлау, әртүрлі дәрілерді пайдалана отырып жою, балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстау атал­ған дерттен сізді сақтайды. Ең бас­тысы ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз.

Брифинг барысында айтылған ау­рудың алдын алу шаралары мен алғашқы белгілері қарапайым бол­ға­нымен, әлемде осы аурудың өр­шіп тұрғанын айтады маман. Тағы айта кететін жайт, жұқпаның негізгі көзі науқас адам, сондай-ақ ауру та­сымалдаушылары болып та­бы­лады. Су, тағам және тұрмыс­тық қарым-қатынас арқылы таралады. Сондай-ақ бала күтімінің нашарлығы және сәбилерді қосымша тамақтандыру кезінде ас дайындаудағы тиісті ере­желердің сақталмауы аурушаң­дықтың сәбилер арасында тіркелуінің негізгі себептері болып отыр. Көбіне екі жасқа толмаған нәрестелер арасында ин­фекция көптеп тіркелетінінің бірден-бір себебі де осы.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: