Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 17:15

Балиғатқа толмаған қызға орамал тағуды шариғат міндеттемейді – Мүфтият жауабы

11.09.2023

4882

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты мәлімдеме жариялады. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz сілтеме жасап Egemen.kz.

«Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз. Мүфтият мұны жоққа шығарған емес. Сол секілді білім алудың үкімі де парыз», деп жазды А.Қонарбайұлы.

Оның жазуынша, шариғат балиғатқа толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты мәселе мүфтият қызметкерлерін де бей-жай қалдырмайды. ҚМДБ өз құзіреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге бірқатар ұсыныс жіберген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: