Алматы қаласында қару-жарақтың ірі арсеналы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Жасырын жерден «Калашников» автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон шықты.
«Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған», – дейді комитет мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!