Іш ауру, іштің өтуі, бас ауруы, құсу, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан ішкі ағзаларынан қан кету конго-қырым геморрагиялық қызбасының негізгі бегілері болып табылады. Кененің шағуынан қалай сақтануға болады? Негізінен кене көп жерлерге у шашу керек. Үй жануарларына кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғыту қажет. Егістік алқабында, саяжайларда жұмыс жасағанда және табиғат аясында демалысқа шыққанда арнаулы киімдер, яғни жеңі ұзын, жағасын түймелейтін киімдер киіп, шалбарланып жүру керек.
Кенелер денеге жабысып, қан сору үшін оңтайлы жер іздейді, олар 1-1,5 сағат уақытты қажет етеді, сондықтан сағат сайын шаштың арасын, құлақтын тұсын, қолтық маңайын мұқият қарау керек.
Ол химиялық заттардың иісіне өте сезімтал келеді. Табиғатқа шығар алдында дененің ашық жерлеріне киімге кенені жолайтпайтын заттарды, репелленттерді пайдалану керек. Оларды дәріханалар мен дүкендерден сатып алуға болады.
Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты – таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17-мен 20-ның аралығы. Күн ыстықта 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей түседі. Кене шағып алғанда не істеу керек? енді осы сауалдың түйінін тарқатайық…
Денеге қадалған кенені өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, адамның денесінде қалуы мүмкін, қандай жағдай болсын кенені қолмен алуға және сығуға болмайды. Сондықтан кенені алғанда пинцетпен немесе арнайы құралдар арқылы ғана медицина қызметкерлерінің көмегімен жұлып алу қажет. Шаққан орнын йод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру керек. Кенені алып тастағаннан соң қолды сабындап жуған дұрыс. Шаққаннан бастап 3 күннен кешіктірмей жергілікті медициналық мекемеге міндетті түрде көмекке жүгіну қажет.
Қазір жәндіктің бұл түрі өте көп. Сондықтан сақтансақ, сақтайтынын қаперден шығармаған абзал.
А.БЕКТАЕВА,
аудандық аурухананың
жастар денсаулығы
бөлімшесінің дәрігері
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!