Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 17:45

Зейнетақы жинағындағы инвестициялық табыс

11.04.2024

548

0

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зей­нет­­ақы­ активтерінің жалпы сомасы 18,1 трлн тең­­геге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­­­­тырғанда 21,9%-ға артық. Барлық дерлік сома­ны Ұлттық банк (ҰБ) бас­қа­рады. Осы уақытта инвес­ти­циялық портфельді жеке бас­қарушылардың (ИПБ) бас­қаруындағы зейнетақы активтері 34,3 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің небәрі 0,2%-ын құрады.

2024 жылдың бірінші айын­да таза инвестициялық табыс 109,6 млрд теңге болды. Аталған сома өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші­нен 45,7 млрд теңгеге немесе 72%-ға жоғары. Кірістілік мәні инфляциядан да асып түседі: 9,5%-ға қарсы 10,3%. 

«Кейінгі жылдары БЖЗҚ зейнетақы актив­те­рінің инвестициялық кірісі барлық геосаяси дүр­белеңдер мен әлемдік күй­зелістерге қарамастан оң серпінді көр­сетіп отыр. Жалпы, 2023 жылы БЖЗҚ салым­шы­ла­рының шоттарына шамамен 1,6 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс түсті, бұл өткен жылғы көр­сеткіштен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7%-ға артық. ҰБ басқаруындағы БЖЗҚ зей­нетақы активтері бойынша кірістілік 2023 жылы 10,1% құрады, бұл кезде инфляция 9,8%ды құраған болатын», деп мәлімдейді Ranking сарапшылары.

Сарапшылардың айтуын­ша, табыстылықтың оң көр­сеткіштері ҰБ тарапынан БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясымен байланысты. Инвестициялық портфель үнемі әртараптандырылып отырады, қаражат әртүрлі қаржы құралдарына на­рық­тық жағдайда ғана салынады. Белгілі бір құралдарға қара­жат салу кезінде жаһан­дық және ішкі факторлар ескеріледі.

Мәселен, Қаржы министр­лі­гінің мемлекеттік бағалы қа­ғаздарының (МБҚ) үлесі бір жыл ішінде 48%-дан 46,8%-ға дейін қысқарды. Шет мемлекеттердің МБҚ үлесі 5,5%-дан 0,14%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ­ мик­ро­қаржы ұйымдары, ква­зи­­мемлекеттік ұйым­да­р обли­га­циялары, банк облигация­лары және басқа да қаржы құралдарының үле­сі­нің қыс­қа­руы байқалады.

Ал дамыған елдер активінің үлесі 7,25%-дан 8,94%-ға дейін, дамушы елдер активтерінің үлесі 3,75%-дан 5,97%-ға дейін, сыртқы басқарудағы активтер үлесі 9,22%-дан 13,52%-ға дейін өсті. Мұндай әртараптандыру және уақтылы өзектендіру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: