Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 09:40

Қызылша: 8 науқас есепке алынды

09.04.2024

369

0

Өткен айда ауданда қызылшаның алғашқы болжамды жағдай диагнозымен 8 науқас есепке алынды. Бұл 100 мың халыққа шаққанда 22,1 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. Тіркелген науқастардың алтауы 14 жасқа толмаған бала, 2-еуі ересектер арасында анықталған.

Қазіргі уақытта кей эпидемиялық ауру­лардың көрсеткіші төмендесе, бірқатарында өсім байқалады. Оның ішінде қызылша ауруы өршіп барады. Тіпті соңғы 10 жылда болмаған жағдай тіркелуде.
Жалпы Жалағаш ауданында ғана емес, елімізде қызылшаның эпидемиялық жағдайы әлі де тұрақсыз, соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда бұл дерттің 26 168 жағдайы тіркелген, оның 80 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, 83 пайызы – егілмеген балалар. Сондай-ақ аурудан 2 бала көз жұмған. «Оның екеуі де 1 жасқа толмауына байланысты жұқ­палы инфекцияға қарсы екпе алып үлгермегендіктен» дейді ма­мандар.
Бұл кесел бізді де айналып өтпеді. Ауданда наурыз айында тір­келген 8 қы­зылша ауруымен есепке алынған науқастардың 2-еуі қызылшаға қарсы егіл­ген, 3 баланың егу жасына жет­пегеніне, 1 балада егуге медициналық шек­теулері болғанына байланысты қы­зыл­шаға қарсы егілмеген, 2 науқастың егу туралы құ­жаттары жоқ болуына байланысты егу ста­тустары белгісіз. Тіркелген науқастар үй ошағында 20 адаммен, ұйымдасқан ұжымдарда 18 адаммен тығыз байла­ныста болған. Олардың бәрі есепке алынып, тексерістен өтті.
Бүгінде балалармен қоса ере­сектер де ауруда. Осыған байланысты науқас адам немесе науқастанған баланың анасы бала бойында қызылша ауруының белгілері байқала бастаса, дер кезінде дәрігерге көрініп, уақытылы ем алу керек. Сапалы және дұрыс тағайындалған ем науқасты қызылшадан болатын әртүрлі асқыну жағдайынан құтқара алады
Қызылша ауруымен сақтанудың тиімді жолдары жеке бас тазалық шараларының қарапайым ережелерін сақтау, үй-жай­ларды жиі желдету, науқастармен қа­рым-қатынасты уақытша үзу, ауыр­ған жағдайда оқшаулану, таза ауада жиі болу, балаларды қы­зылшаға қарсы профилактикалық егу ша­расының күн тізбесінде көрсетілген мер­зімдеріне сәй­кес уақытылы ектіру болып табылады.
– Қызылша бойынша эпиде­мио­логия­лық ахуалдың тек біздің елде емес, бүкіл әлемде күрделенуінің себебін Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы салдарынан халық арасында қызылша ауруына қарсы вакцинациялау барысының әлсіреп, екпе­ден бас тартушылар санының артуымен байланыстырады. Себебі ұжымдық им­мунитет бәсеңдеген сайын ауру жұқтырып алу қаупі күшейе түседі. Қауіп тобында – екпе алмаған, иммунитеті әлсіз адамдар. Сондықтан қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Ең алғашқы вакцинация балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу тұрақты қорғанысты тудырады. Мына жайтты ескерген жөн, жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді, – дейді ауданның бас санитары Гүлзираш Айымбетова.
Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Жоғарыда айтылған жайттар бойыңызда байқалса, міндетті түрде мамандарға тексерілу керек. Кеселден құтылудың басты жолы – тек екпе алу. Сондықтан арнайы екпе алудан бас тартпай, өз денсаулығымызды сақтайық.

Ақнұр АЛТЫНБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: