Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 16:04

Гельминтоз ішек құрт аурулары

03.11.2023

1451

0

Гельминтоздар (грек. Helmіns-құрт, logos –ілім) – паразит құрттар, яғни гельминттер және олар қоздыратын аурулар-гельминтоздар жайындағы ғылым. Гельминтология паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның тіршілік ететін ортасын,адамға,малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі зиянын,емдеу жолдарын, күрес шараларын зерттейді.

Гельминтоз дегеніміз- іш құрттар немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру.Бұл кесел адамда, жануарларда өсімдіктерде кездеседі.Олар адам мен жануарлардың ішкі мүшелерінде яғни өкпе,бауыр, мида, ішек-қарында және т.б орналасады. Паразиттік тіршілік ететін құрттар әр түрлі болып келеді. Адамның инфекциясы жеке гигиенаны сақтамау салдарынан су мен тамақ арқылы жүреді. Шистосомалар мен анкилостомидтер тері арқылы өтеді. Кейде паразиттердің жұмыртқаларын шаң мен ауамен жұту арқылы жұқтыруға болады. Гельминттер ішекте, өкпеде, өт жолдарында, өт қабында бекітіледі, ішектерді зақымдайды, адамды метаболизм және ыдырау өнімдерімен уландырады.

Гельминтоздар адамда таспажұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез), (трихинеллез), (эхинококкоз) түрлері белгілі. Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі.

Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: Бастапқы профилактиканың негізі – балалар мен ересектерде салауатты өмір салтын қалыптастыру. Тұрмыстық мақсатта таза, сапалы суды пайдалану маңызды мәселе болып табылады. Жеке ыдыстарды, сүлгілерді, жеке гигиена заттарын пайдалану қажет.  Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малды дәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.

ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша

филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің Бактериологиялық және

паразитологиялық зерттеулер зертханасының

зертханашысы: Бостанқызы Айнұр

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: