Күз – әуесқой балықшылар үшін өте қолайлы мезгіл. Балық аулау демалыстың керемет түрі болғанымен қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз өте қауіпті. Дәл осы мезгілде аудан көлемінде орналасқан өзен көлдерде балық аулаушыларда, аңшылықта неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке орай кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсем деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытып, соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғып жатады.
Жақсы демалыс қапалы себептермен аяқталмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау жеткілікті. Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиға болу мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударған жөн.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа немесе балық аулауға шыққанда өзіңізбен бірге дәрі – дәрмек қобдишасы, қол шам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралдарыңыз болғаны жөн. Сонымен қатар, балық аулау алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек.
Қауіпсіз демалысты сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қамтамасыз етеді. Өзіңізбен бірге ала шыққан жүктеріңізді қайық аударылып кетпейтіндей етіп орналастырыңыз.
Көл, өзен жағасының бойымен жүрген кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол сізге жолды зерттеу үшін және кез-келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болып табылады.
Қауіпсіздік шараларын ұмытпасаңыз сонда ғана сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтетін болады.
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!