Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:10

Жемқорлық – қоғам дерті

13.09.2023

389

0


Сыбайлас жемқорлық кез келген саланың даму қарқынын бәсеңдетеді. Ал белең алған жағдайда мүлде жұмыстың жүруіне тосқауыл болатыны анық. Сондықтан онымен күресте жұдырықтай жұмылу қажет.

Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдардан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті. Бірақ ол біздің қоғамнан түбегейлі жойылған жоқ. сондықтан онымен күрес әлі де толастамауы тиіс. 

Дамыған елдердің үлкен жетістікке жетуіне не себеп деген сауалдың түйінін тарқатсақ, олардың басым бөлігі қоғам дертіне қарсы күресті мемлекеттің басты саясаты еткен. Қазақстан да дамушы ел болғандықтан оған қарсы күрес шараларын бәсеңдетпейді.

Жемқорлықпен күреске тек құзырлы органдар ғана жауапты деген қате түсінік. Ал қарапайым адам онымен күресу үшін не істеуі керек десеңіз, тек сыбайлас жемқорлықтан ада болса жеткілікті. Бұл жерде айтпағымыз әрбір адамда оған қарсы көзқарас қалыптасса, қоғамда сыбайлас жемқорлық өздігінен жойылады. Сондықтан қоғам дертіне қарсы күресті өзімізден бастайық.

Нұршат ҚҰЛАНБАЕВА, 

«Қызылорда облысының мемлекеттік архивы» 

КММ аудандық филиалының архивисі

1

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: