Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:59

«Татуласу рәсімінде жеңілген тарап болмайды»

30.11.2023

313

0

Тарихи кезеңде талай жетістіктерге жетіп, «тар жол, тайғақ кешуді» де бастан өткерген қазақ халқы үшін татулық, бірлік, ынтымақтастықтың орны бөлек.

Егемендік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде осы қастерлі ұғымды көздің қарашығындай сақтап келеді. Бүгінде Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі.

Өткен ғасырларда елімізде Азаматтық процестік кодексі институты болмаған кезде сол уақыттың соттары, яғни билердің негізгі міндеті дауласушыларды дауластыру емес татуластыру болғандығын тарих мәлімдейді.

Осындай дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу жөніндегі тарихпен салынған жолдар жаңа Азаматтық процестік кодекстің жаңа тарауы дайындаушылар, қабылдаушы институты жағынан зерттеле отырып қабылданған.

Қазіргі таңда Еліміздің мақсаты – еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам құру. Бұл жағдайда жеке және заңды тұлғалардың арасында туындаған даулар бітімгершілікпен немесе медиация, партисипативтік тәртібімен келісім арқылы шешіліп жатса, дауласқан тараптардың ұтпаса, ұтылмасы анық, сондай-ақ алдағы уақытта араларындағы сыйластықтың нығайуына бірден-бір септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес, сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

         Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.

         Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

         Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін.

Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.

         Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді.

         Татуласу келісімін сот (судья) бекітеді.

Татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

          Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

         Татулық – табылмас бақыт.

         Ол адамзаттың бойындағы ізгі қасиеттердің бірі.

         «Ұлық болсаң кішік бол» демекші қандай дау туындасада, менмендікке бой алдырмай, сабырлық танытып шешуіміз қажет.

С.А.Амантаев

Жалағаш аудандық сотының судьясы 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: