Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:16

Теңге теңселіп тұр

22.07.2024

178

0

Доллар тағы көтерілді. Ақша айырбастау пунктері долларды 477 теңгеден алып, 480 теңгеден сатып жатыр. Сондай-ақ еуроның бағамы да көтеріліп, 1 еуроның құны 521 теңгеге жеткен. Сарапшылар да осы тұста теңгені әлсіреткен бірнеше факторды атап өтті. Сонымен теңгенің әлсіреуіне не себеп, банк қандай байламға келмек? Бүгінгі мақаламызда осы сұрақтарға жауап іздейміз.

Бұл айдағы доллардың күрт қымбаттауы – өткен жылдың қыркүйек айынан бері ең жоғары көр­сет­кіш. Ол кездегі баға 482 теңгеге жеткен еді. Ал оныншы маусымнан бастап Ұлттық волюта 7,3 пайызға әлсіреді. Доллар бағамының өскенін ес­ті­сек, дереу «Азық-түлік қымбаттайды ма?» деп уайымдаймыз. Себебі қазірдің өзінде азық-түлік бағасының шарықтап тұрғаны белгілі.
Қаржы сарапшыларының пікірінше, теңгенің құн­сыздануына бірнеше фактор әсер еткен. Оның бірі – Ұлттық Қордан түсетін трансферттердің азаюы. Мә­селен, маусым мен мамырды салыстырсақ, ауда­рымнан үш есеге төмендеген. Сондай-ақ Ұлт­тық банк тұжырымы бойынша, теңгенің құнсыз­дануына «ішкі факторлар» да әсер еткен. Оның ішінде жазда демалысқа кететіндер көбейіп, ше­телдік валютаға сұраныстың артуы, импорттың өсуі және компаниялардың көптеп дивиденд төлеу факторлары да бар. Сонымен қатар халық тара­пынан да, компаниялар тарапынан да доллорға сұраныстың артуы теңгенің әлсіреуіне алып келді.
Биыл шілдеде Ұлттық банк Ұлттық қордан 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейін валюта сатылады деп болжап отыр. Шілдеде зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250 млн АҚШ долларынан 350 млн АҚШ долларына дейін валюта сатып алмақ. Сарапшылар теңгенің әлсіреуіне Қа­зақстан қор биржасы акцияларының бір бө­лігіне иелік ететін Мәскеу биржасына салынған санк­цияның әсері болуы мүмкін деп болжаған.
– Қарапайым халық тауарларды төлер кезде қаражат жинаймыз, несиелер, депозиттер аламыз. Теңге әлдеқайда маңызын күшейтеді. Біз шетелге шыққан кезде, оқуға кеткен бала не туысқанымызға ақша салғанда долларға қарауымыз керек. Басқа жағдайларда сіз өзіңіздің ұлттық валютаңызға қарауыңыз керек. Бағам бойынша біз жылды 455 теңгеден бастадық, содан кейін Ұлттық қордан қосымша трансферттердің әсерінен теңгеміз айтарлықтай нығайды, ол 440 теңгеге жетті. Содан кейін ол біраз уақытта 480 теңгеге жетті. Салық жинау аз болды, сәйкесінше Ұлттық қордан аударымдар көлемі де айтарлықтай өсті. Трансферттерді сату деген нені білдіреді? Бұл – валюталық активтерден алу деген сөз, өйткені Ұлттық қор доллармен сақ­талады. Оны биржаға әкеліп сатып, теңгеге айыр­бастап, Қаржы министрлігіне береді. Валюта нары­ғындағы қатысуымыз екі есе қысқарды. Тиісінше теңгенің қалыпты деңгейіне қайта ораламыз, – деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Сарапшылардың пікірінше, теңге жайына алаң­дай­тындай мәселе жоқ. Қаржыгерлер қауымдас­ты­ғының сауалнамасына қатысқан қаржы нарығының сарапшылары теңгенің одан әрі құнсыздануына еш себеп жоқ екенін алға тартады. Олар тауар на­рығының қолайлы конъюнктурасы, ағымдағы опе­рациялар шотының профициті, сауда балансының жақсаруы, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлеме және әлемдік капитал нарығындағы жағдайдың аясында теңгенің одан әрі әлсіреуіне негіз жоқ деп есептейді.
Ұлттық валютаның әлсіреуімен эконо­микадағы инфлияцияға қарсы қысым күшеюі ықти­мал. Сауалнамаға қатысқандардың 71 пайызы ба­за­лық мөлшерлеме жылдық 14-14,25 пайызға дейін төмендейді десе, қалғаны өзгеріссіз қа­лады деген пікірде.

Ақнұр АЛТЫНБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: