Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзрегістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойды. Осы қадамның нәтижесінде Астана қаласында жаңа үш сатылы кассациялық соттар құрылмақ.
Заңдағы өзгеріске сәйкес, кассациялық соттар 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысына кіреді. Жаңа заңда айқындалғандай тәжірибеге енгізілетін азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш дербес кассациялық соттарда 3 судьядан тұратын алқаның қарауына беріледі. Дербес кассациялық соттарды қалыптастыру мемлекет бюджетіне салмақ салмайды. Мұндағы судьялар да қызметтегі білікті судьялар арасынан іріктеледі.
Кассациялық сот- төмен тұрған соттардың шешімдеріне шағымдарды кассациялық тәртіппен қарайтын Жоғарғы Сот сатысы болып табылады.
Бірінші сатыдағы соттардың түпкілікті шешімдеріне және апелляциялық шешімдеріне кассациялық сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Кассациялық орган толығымен тәуелсіз болады. Бұл ретте барлық санаттағы істер үшін кассациялық сатыда шағымдарды алдын ала қарау сатысының күшін жою өзекті мәселе болып табылады.
Жаңа заңға сәйкес кассациялық шағымдарды қараудағы Жоғарғы Соттың рөлі де өзгермек. Жоғарғы Соттың мұндағы негізгі мақсаты сот практикасының біркелкілігін түсіндіру және қамтамасыз етумен байланыстырылып отыр. Осыған байланысты Жоғарғы Сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда ғана, яғни сот практикасына қайшы келетін және құқықты дамыту мүддесіне қайта қарауды талап ететін шешімдер қабылдаған жағдайда ғана қарай алады.
Сахи Ғалым Болатбекұлы
Жалағаш аудандық сотының
бас маман- сот отырысының хатышысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!