Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 02:30

Екпе дерттің алдын алады

25.04.2023

302

0

Не себепті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасату керек? Қазір қоғамда дерттің алдын алу шараларында осындай сауал туып жатады. Негізінен вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Балалар үшін жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді және кейде жалғыз тәсілі вакцинация болып табылады. Ол балалар мен жасөспірімдерді көптеген аурулардан, ауыр асқынулардан және тіпті өлімнен құтқарады. Жыл сайын әлемде 10 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін 2,5 млрд-дан астам вакцина дозасы пайдаланылады. Иммундау балаларды полиомиелит, қызылша, дифтерия және сіреспе сияқты көптеген қауіпті аурудан қорғауда маңызды. БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжазира Жалғасова осылай деді.

Спикердің сөзінше, ҚР Ұлттық күн­тізбесіне сәйкес, тұрғындарға 20 жұқ­палы ауруға қарсы ақысыз, жос­парлы иммундау жүргізіледі. Профи­лактикалық күнтізбедегі инфекцияға қарсы вакци­нация тегін. Себебі әр адам тегін екпе алуға құқылы. Ал егудің көбін нәресте бірінші жылында алады. Бұл баланың шектеулі бай­ланыстан қажетті иммунитеті бала­бақшаға барған кезде көп көлемді инфекциядан қорғану үшін осы кезде қалыптасады. Себебі ауру балалық ша­ғында ауыр түрде өтеді екен.
– Халықты вакцинациялау аумақ­тық медициналық ұйымдардың егу пункт­те­рінде жүргізіледі. Арнайы кон­тин­гент­ке вакцинация тиісті бө­лімнің кезек­ші пунк­тінде болады. Кейбір жағ­дайларда, яғни халық санының аз болуы, стацио­нар­­лық егу бөлмесінің болмауы, төмен тем­пера­туралық режимі бар тоңа­зытқыш жабдық болмаған жағдайда вакцинация жа­сау үшін жылжымалы вакцинация пункт­тері немесе жылжымалы вак­цинацияу бригадасымен ұйымдас­­­ты­ры­лады. Бұл ретте 1 вакци­на­ция брига­дасының құра­мына 1 дә­рі­гер, 1 егу мед­бикесі және қажет бол­ған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауыл­дық жерде құрамында дәрігер бол­маған жағдайда 1 фельдшер, 1 егу медбикесі және қажет болған жағ­дайда 1 тіркеуші бар вакцинация бри­гадасын құру рұқсат етіледі.
Гүлжазира Саттарқызы «Вакцина қауіпсіз бе?» деген сауалымызды да жауап­сыз қалдырмады. Ол Қазақ­станда тұрғындарды иммуни­за­ция­лау үшін ҚР-да мемлекеттік тіркеудің ем шарасынан өткен вакциналар қолданылатынын айтады. Мем­ле­кет­тік тіркеу ем шарасы күрделі көп кезеңді үрдіс және нағыз замануи жабдықталған. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші елде мемлекеттік тір­кеу­дің болуы, сондай-ақ өндіруші елде, басқа да елдерде клиникалық қол­дануы бойынша деректерінің бо­луы талап етіледі. Ал балаларды екпе­­мен қамтамасыз ету мақ­сатында вакци­наның өндірілуі ДҰҰ серти­фи­катталған, сапасына кепіл бе­ріл­ген вак­­циналар Қазақстанда сатып алынады.
Бұған дейінгі брифингтердің бі­рінде сала мамандары жаңа туған сәбиге де екпе салу жұмыстары жү­ретінін айтқан. Алайда ол кейбір ата-аналардың қар­сылығынан екпе салынбаған сәбилер де болға­нын қаперге салған. Осы ретте Г.Жалға­со­ваға «Сәбидің дүниеге келген ал­ғашқы күнінен бастап екпе салу дұрыс па?» деген сауал жолдағанбыз.
– Сәбидің қанына анасының жүктілігі кезінде құрсағынан анти­денелер енеді. Сондықтан бала туыл­ған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби бұл инфекциялардан мүлде қорғаусыз дү­ниеге келеді. Басқа жағдайларда, мы­салы, 6-12 ай өткеннен кейін қызылша мен қызамық ауруларына анти­денелердің концентрациясы азая­ды. Сондықтан ба­лаға 12 ай­дан бастап қызылша мен қыза­мық ауруларына қарсы екпе егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте бас­талса, соншалықты сәби инфек­ция­­лық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті қалыптасады, – дейді ол.
Айта кетейік, аудандық ауру­ха­наның перзентхана бөлімшесінде биыл қаңтар-наурыз айларында 119 нәресте дүниеге келген. Оның 117-сіне вирусты «В» гепатитіне, 116-сына туберкулезге қарсы алғашқы екпе салынған. Перзентханада алғашқы екпелерін салмау түрлі себеп­терге байланысты болады екен. Мәселен, шала туған нәресте салмағы 2 мың граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас, туа біткен аурулары бар, құрсақішілік инфекциялармен туыл­ған нәрестелерге алғашқы екпе жасалмайды. Нәрестенің жағ­дайы жақсарып, дене салмағын қос­қаннан кейін емханаларда ал­ғашқы екпелер жү­реді. Спикер бү­гінде пер­зентханада жаңа туыл­ған нәрес­те­лерге екпе жасатудан бас тартатын аналар да жие кездесетінін айтады.
– Ауданда ай сайын жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұ­мыстарының есебі алынып, вак­цинациялауға жата­тын мақсатты топтағы балалардың егу көрсеткішіне талдау жүргізіледі. Себеп­теріне бай­ланысты уақытша екпелерін ал­маған балаларды алдағы айға қайта жоспарлап, егуін алуына бақы­лау жүр­гізіледі. Аудандық ауру­хана вак­­цина қорымен жеткілікті қамта­ма­сыз ету мақ­сатында алдын ала жоспар жасап, вакцина дозасын алуға облыстық ден­саулық сақтау бас­қар­масына өтінім береді. Бүгінде ауданда полиомиелитке қарсы ауыз арқылы тамызатын вакцина қоры Қы­зыл­­орда обылысында тапшы бо­луына байланысты вакцинациялау жұмысы оңтайлы деңгейден төмен орындалып отыр. Ал қалған жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау ша­ра­лары толық орын­далып, вакци­на­циялау ай сайыңғы оңтайлы деңгейде қалыптасқан, – дейді Г.Жалғасова.
Түрлі ауруларға қарсы екпе алу­дың маңызы айтпаса да түсінікті. Алайда соңғы жылдары сылтау тауып, екпе салдыруға немқұрайлы қа­райтын ата-аналардың саны кө­бейген. Сала маманы қаншалықты инфекциялар ауыр өтетінін кейбір тұл­ғалар ұмыта бастағанын айтады.
– «Инфекциялар қайтпасқа жойыл­ды» деген жалған ұғым пайда болды. Сәйкесті иммунизациялау шарасын іске асыру деген қажеттілікте күмән туындады. БАҚ-та және интернетте вакцинациядан кейін шыққан асқы­ну­лар жайлы жағымсыз ақпарат көбейіп кетті. Мұндай ақпараттың іс жүзінде ешқандай дәлелі жоқ, – дейді спикер.
Айта кетейік, 2005 жылдан бері Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының бас­тамасымен Еуропа аума­ғында жыл сайын иммундау апта­лығы өткізіледі. Биыл 23-29 сәуір аралығында «Еуропалық иммундау» аптасын өткізу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта иммундау апта­лығында екпесіз қалған басқа мем­лекеттерден келген тіркеусіз, тұрақты мекен-жайы жоқ халық топтарын, дін қауымдарын анықтап есепке алу және жұқпалы ауруларға қарсы жос­парлы иммундау жұмыстары ұйым­­дастырылады. Иммундау апта­лы­ғы кезінде тіркелу орнына қара­мастан аудан азаматтарының ау­мақтық ем­деу-про­филактикалық ме­ке­мелеріне барып, Ұлттық күнтіз­беге сәйкес екпе алуына мүмкіндігі бар.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: