Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:52

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру – ортақ парыз

25.06.2022

1043

0

1989 жылы Тіл­дер туралы заң қабыл­да­нып, қазақ тіліне ме­м­ле­­кеттік тіл мәртебесі берілді. Міне, содан бері 33 жыл уақыт өтті. Кейін Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі 1993 жылы Конс­титуцияда бекітілді. Қазір мемлекеттік тіл елімізде барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шы­ғару, сот ісін жүргізу, іс қағаз­дарын жүргізу тілі болып табылады.

Иә, мемлекеттік тілдің мәртебесі хақында әркім әртүрлі ой түйеді. Түптеп келгенде ол біздің басты байлығымыз екенін жақсы білеміз. Себебі әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Біздің мемлекеттік тілімізді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны толық білу, қоғамда мәртебесін көтеру – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Ал ана тіліне салғырт қарау өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қараумен бірдей.

Біз мұндай қадамға бармауымыз қажет. Ауызекі тілде болсын, іс-қағаздарда болсын мейлінше мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қазақ тілінде сөйлеп, сол тілде жазуымыз керек. Солай болып та жатыр. Мәселен, өзім қызмет атқаратын аудандық полиция бөлімінде барлық іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүреді.

Иә, Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату ел екенімізді де әлемге мойындаттық. Қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы екенін, оған деген бойымызда құрмет болу қажеттігін де жақсы білеміз. Өз ітілінде сөйлеп, өз тілінде жазу арманға айналған ұлттар да бар жер бетінде. Ал біз ана тілінде сөйлеп, сол тілде жазуға қол жеткізген тәуелсіз мемлекет болғанымызға қуанамыз. Егемен елдің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы да осы мемлекеттік тіліне байланысты екенін жақсы білеміз. Міне, мемлекеттік тілге деген құрметіміздің жоғары болуы да сондықтан.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытумен бірдей» дейді Бауыржан атамыз. Бұл сөздің мағынасын әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан да жоғарылап, мәртебесі артып, абыройы асқақтары анық.

Иә, қазақ тілі – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор да осы қазақ тілі екені анық және оған ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарап, мәртебесін арттыру– баршамызға ортақ парыз.

Салтанат Калменова,

Жалағаш аудандық полиция бөлімінің

кадр саясаты тобы инспекторы,

Полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: