Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:01

Зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алынады

23.11.2023

412

0

Премьер-министр Әлихан Смайылов зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге энергетиканы дамыту саласына жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін сенатта өткен брифинг кезінде журналистер «Зейнеткерлердің қалтасына қол салмай, үкіметтің жоспарын орындауға болмай ма?» деп сұрады. Премьер-министр қарызға алынған ақша міндетті түрде қайтарылатынын жеткізді.

«Үкімет қарызға ақша алса, республикалық бюджеттің есебінен, квазимемлекеттік сектордың есебінен ол ақшаны міндетті түрде қайтарады. Сол себепті барлығы үкіметтің қарызында көрсетіледі. Бюджетте қарызды қайтару сомасы да белгіленеді. Сондықтан үкімет өз мойнына міндет алса, қарызды қайтаруға қажетті ақшаны міндетті түрде қарастырады. Ол ақша міндетті түрде қайтарылады», – деді Смайылов.

Осы орайда үкімет басшысы бірыңғай зейнетақы қорының негізгі стратегиясын еске салды. Қордағы ақшаны сақтап қана қоймай, оны көбейтіп отыру қажет. Зейнетақы қорының инвестициялық стратегиясы бар.

«Ал салымшылардың жинағын тиімді инвестициямен ғана көбейтуге болады. Сондықтан зейнетақы қоры өзінің стратегиясы бойынша салымшылардың ақшасын нарықтық шарттармен инвестициялап отырады. Нарықтық мөлшерме белгіленеді және ақшаны қайтару міндеті қойылады», – деп атап өтті премьер-министр.

Оның айтуынша, бүгінде үкімет индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым және тағы басқа салаларда ірі жобаларды қарастырып жатыр.

«Біз қаржыландырудың сан алуан көздерін қарастырып отырамыз, соның ішінде зейнетақы қорының қаржысы да бар. Қазіргі кезде ол ақшаны алу шарттары бойынша ұлттық банкпен барлық мәселені пысықтап жатырмыз», – дейді Смайылов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: