Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 12:32

Бассейнге батқан жасөспірімді құтқарған полковник марапатталды

20.03.2024

370

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы бассейнге батқан жасөспірімді  аман алып қалғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқан адамды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төсбелгіні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев табыстады. Сонымен бірге Қызылорда облысы ТЖД бастығының атынан алғыс хат та қоса берілді.

Сізге адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін алғыс білдіреміз,-делінген алғыс хатта.

Естеріңізге сала кетейік, Шаймерден Тәжіқұлұлының ерлігі туралы ақпарат департаменттің есебінде тіркелген, әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Отбасымен бассейнге барған  Шаймерден Тәжіқұлұлы басссейнде қимылсыз жатқан жасөспірімді құтқарып, ес-түссіз жатқан балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: