Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинацияға қатысты жаңа қаулыға қол қойды.
«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады», – делінген қаулыда.
Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына төмендегідей редакция енгізілді.
Коронавирусті жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
медицина қызметкерлері;
медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
күш құрылымдарының қызметкерлері;
педагогтар;
пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
50 жастан асқан адамдар.
Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!