Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты мекемелерде мемлекеттік бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік және медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау барысында, аталған мекемелердің еңбек ақы төлеу қоры қаражатын игеру мен мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.
Осыған байланысты, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда, taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 707 282 21 51 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!