Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамда тамырын жайып, ел дамуына едәуір кері әсерін тигізіп отырған кеселдің бірі. Бұл кесел экономикалық тұрғыдан енді алға жылжып келе жатқан біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да мемлекетіміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы дертпен күресу болып табылады. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге ерекше назар аударып, Үкіметке, жалпы билікке нақты тапсырма қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Иә, еліміздің әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, ел дамуы бұдан да биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды берік ұстағаны жөн.
Біз елдің әлеуметтік әлеуетінің көтерілгенін, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуін, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген болсақ, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып қала береді.
Гүлнұр Қасымова,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман,
бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!