Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 03:40

Ауыл шаруашылығы – аудан тірегі

27.07.2023

1065

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі» екенін атап өтті. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіне тоқтала келе, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет екенін айтып, бұл стратегиялық міндет екенін ескерткен болатын. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Бұл ретте, саланың дамуына көңіл бөлініп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік саласы қоса дамып, осы бағытта тұрғындардың кәсіппен айналысуына барлық жағдай жасалуда. Ауданда мал басы жылдан-жылға артып келеді. Бұл жалағаштықтардың аталған саладан мол табыс табуға болатынын түсінгенін байқатады.

Сыр салысы бас алды

Қазір көктемде сепкен Сыр салысы бас алуға жақындады. Тіпті ерте көк­темнен бақша салуға ашылған жер­дегі өнімдердің алды пісіп жатыр. Бұған дейін ауыл шаруашылығы са­ласын толайым табыспен қорытын­ды­лайтын аудан шаруалары биыл да үлкен өнімнен үмітті. Себебі соған сай тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сала заманауи техникалармен жа­рақ­­талып, шаруалар табысы еселе­нуде. Жасыратын жоқ, қазір аяқ су тап­­­шылығы диқандар үшін бірнеше жылдан бері күрделеніп келе жат­қан үлкен мәселеге айналды. Десе де аудан әкімі бастаған өңір азамат­тары қол қусырып отырмай аяқ су мә­селесін оңтайлы шешу үшін барлық ша­раларды ұйымдастыруда.

Нақтырақ тоқталсақ, су тап­шы­лығы жағдайында аудан шаруашы­лық­тары насос қондырғыларын пай­­­­да­лану арқылы егінді сумен қам­та­­масыз етуде. Қазіргі таңда өңір ша­руа­шылықтары 40 дана су тарт­қыш насос қондырғыларын егінді суа­руға пайдалануда, оның ішінде 12 дана насос қондырғысы «Жала­ғаш­су­шар» өндірістік учаскесінен шаруа­шы­лықтарға берілсе, 28 дана насос қон­дырғысын шаруашылықтар өз қаржысына алған.

Сала мамандарының айтуынша, бүгінгі күнге дейін 179 гектар күріш алқабына су шықпай қалғаны анық­талған. Яғни Мақпалкөл ауылдық ок­ругіндегі «Мақпалкөл» ЖШС-ға қа­расты 96 гектар, «Ақмар» ШҚ-ға тие­сілі 15 гектар, Бұқарбай батыр ауыл­дық округіндегі «Дінмұхаммед» ФҚ-ға қарасты 68 гектар алқапқа су шықпай қалғаны белгілі болып отыр. Аудан бойынша 2023 жылдың 12 шілдесіне дейін орналастырылған 19 800 гектар күріш егісінің 14 320 гектары немесе 72,3 пайызы жақсы жағдайда, ал 4 550 гектары немесе 23 пайызы қа­на­ғаттанарлық, 930 гектары немесе 4,7 пайызы нашар жағдайда болып отыр. Күтімге алынған 7 200 гектар ескі жоңышқа дақылының 6 750 гектарының бірінші орымы аяқталды. Орта есеппен 1 гектардан 22,2 цент­нер өнім алынып, барлығы 14 985 тонна мал азығы жиналған.

Жалпы, аудан бойынша 2023 жылы орналастырылатын ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарының бекітілген сыз­басына сәйкес, 37052 гектарға егiн орналастыру жоспарланып, 37079 гек­тар алқапқа егін толық орна­лас­тырылған. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 19 800 гектарды құрайды. Мұнан бөлек бидай 750 гектарға, қант құ­майы 70 гектарға, арпа 70 гектарға, соя 64 гектарға, мақсары 520 гектарға, сүр­лем­дік жүгері 700 гектарға, сұлы 5 гектарға, жаңа жоңышқа 4850 гектарға егіліп, 7200 гектар ескі жоңышқа кү­тімге алынған. Сондай-ақ, картоп 646 гектарға, көкөніс 1 108 гектарға және басқа да бақша өнімдері 1 296 гек­тарға егілді.

Әрине, жерге тұқымды тастадың, әрі қарай дақыл өздігінен өспейтіні тағы бар. Оның аяқ суынан бөлек, тұқым дайындауына, күтіміне, түрлі ау­рудан қорғайтын дәрісіне, тыңайт­қыштарына уақытылы көңіл бөліну керек. Бір қуантарлығы өңірде ондай мәселе болмайды, себебі өзіміздің шаруашылықтар да бүгінде жоғары сұрыпты тұқым дайындауды қолға ал­ғанына бірнеше жыл болыпты. Мә­селен шаруашылықтар тарапынан 2023 жылы егін орналастыруға қа­жетті 4 950 тонна күріш, 120 тонна бидай, 0,6 тонна сұлы, 13 тонна мақ­сары, 12 тонна арпа, 4 тонна соя, 1 тонна қант құмайы, 15 тонна жү­­гері, 44 тонна жоңышқа тұ­қым­­дарын дайындау жұмыстары жүр­гізілген. 2023 жылдың егісіне қа­жетті 10810 тонна минералдық тыңайт­қыш­тар дайындалып, 24060 литр гербицид дайындалды. Көктемгі егіс­ті орналастыру жұмыстарына ау­­дан бойынша 887 дана ауыл шаруа­шылығы техникалары қатысса, ша­­­руашылықтар тарапынан жыл ба­сы­нан бүгінгі күнге дейін 11 дана ауыл шаруашылығы техникалары 168 011 мың теңгеге сатып алынған.

Бақша өнімдерінің бабы қалай?

Өткен жылы ауданда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсыр­­ма­сына сәйкес, бақша дақылдарын егуге арналған арнайы жер дайын­далып, тұр­ғындарға табыс­талған болатын. Нә­тижесінде өңір халқы картоп, пияз, сәбіз секілді көкөністермен қо­са, қауын, қарбыз егіп, қажетті азық-тү­ліктерін жинап алды. Биыл да жер­гілікті халық қосымша жерге, яғни егін егуге ынтасын білдіріпті. Се­бе­бі биыл бақша дақылдары жоспар­лан­ған көлемнен артық егілген. Демек, бұл жұмыстар қарапайым шаруа ада­мы­ның күнкөріс деңгейіне оң әсер еткен. Шаруашылықтар жерді ашып, дайындап береді, тұрғындар егін егіп, оның күтіміне ғана жауапты болады.

Осы орайда биыл ауданда жеке тұрғындардың бақша салуына 500 гектар жер дайындау жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін дайын­далған 500 гектар жерге 921 отбасы 217,3 гектар картоп, 63 гектар көкөніс, 219,7 гектар бақша дақылдарын ор­на­­ластырған. Бүгінде олардың алды қауын-қарбызын са­бағынан үзіп, ал­ғашқы өнімнен ауыз тиюде. Бұл жұ­мыстарды келер жылы да жал­ғастыру ойда бар. Бұл бір жағынан қарапайым халықтың қыстық азығын ала жаздай қамдап алуына үлкен мүмкіндік болып отыр.

Баға бақылауда ма?

Жасыратыны жоқ, елімізде азық-түлік бағасының өсуі қарапайым тұрғындар үшін мәселеге айналды. Ал бұл мәселемен күресудің бірден-бір жолы ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Осы ретте ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сау­да үстемесін және тізбесін бекіту ту­ралы» қаулысына сәйкес, әлеу­­меттік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүр­гізілуде.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 6 түрі, мәселен ақ күріш 110 теңгеге, нан 6 теңгеге, сиыр еті 150 теңгеге, қы­рыққабат 100 теңгеге, сәбіз 105 теңгеге, картоп 10 теңгеге қым­бат­таған. 11 өнімнің бағасы, яғни қара­құмық жармасы 215 теңгеге, рожки 15 теңгеге, тауық еті 190 теңгеге, сүт 83 теңгеге, айран 80 теңгеге, ірімшік 50 теңгеге, жұмыртқа 160 теңгеге, сары май 50 теңгеге, күнбағыс майы 318 теңгеге, пияз 10 теңгеге, қант 40 теңгеге арзандаған. Ұн мен тұздың бағасы тұрақты.

Сондай-ақ ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 548,4 тонна азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн –115 тонна, күріш – 40 тонна, қант – 65 тонна, макарон – 108 тонна, күнбағыс майы – 50 тонна, тұз – 38 тонна, пияз – 34 тонна, картоп – 38 тонна, сәбіз – 17 тонна және т.б.

Сонымен қатар, «Ақниет-2» кө­терме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырған. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрыш ашылып, базар бағасынан 10-15 пайызға тө­мен бағада аудан тұрғындарына ұсы­­нылып жатыр. Қазіргі таңда әлеу­меттік бұрышта күріш 175 теңге, ұн 180 теңге, қарақұмық жармасы 320 теңге, құс еті 950 теңге, сүзбе 1283 теңге, өсімдік майы 580 теңге, рожки 275 теңге, жұмыртқа 36 теңге, қант 405 теңге, сүт 300 теңге, айран 230 теңге, сары май 650 теңге, тұз 40 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, 2022 жылы қараша айында «Ер-Әлі» шаруа қожалығы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ға 30 тонна картоп өткізген.

Мал басында өсім қалыптасқан

Ауданда егін шаруашылығынан бөлек мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Сондай-ақ осы бағытта жеке кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытқандардың қатары да артып келеді. Соның нәтижесінде өңірімізде мал басында едәуір өсім қалыптасқан. Жалпы, аудан көлемінде барлығы 40 918 бас мүйізді ірі қара, 45 759 бас уақ мал, 24 953 жылқы, 801 бас түйе, 102 бас шошқа, 11 348 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы ке­зеңі­мен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,9 пайызға, жылқы 109,2 пайызға, түйе 109,3 пайызға, уақ мал 97,8 пайызға, құс 100,9 пайызға орындалған. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін барлығы 15 88,7 тонна тірілей салмақта ет, 4673,6 тонна сүт, 114 мың дана жұмыртқа өндірілген. Өт­кен жылмен салыстырғанда ет 102 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұ­мыртқа 100,7 пайызға орындалып, бір сиырдан сауылған сүт өткен жыл­мен салыстырғанда 1,1 пайызға, жұ­мыртқа 1,9 пайызға артқан.

Аудан бойынша 138 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішін­де тікелей «Сыбаға» бағдар­ла­масымен 118 шаруашылық айна­лы­сады. Аудан көлеміндегі асыл тұ­қымды малдың үлес салмағына кел­сек, мүйізді ірі қара 1,9 пайыз, жыл­қы 2,2 пайыз, уақ мал 11,8 пайыз бол­ды. Жыл басымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,5 пайызға, жылқы 0,5 пайызға, уақ мал 4,2 пайызға артқан.
Оның ішінде 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара, 3 ша­руа­шылық асыл тұқымды қой ма­лын өсі­румен айналысуда. Алдағы уа­қыт­та сүт тауарлы фермасын ашу мақ­сатында «Адал» ЖК 2022 жылы Қа­ра­ғанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-дан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Сим­ментал сиырының қашарларын өз қара­жатымен сатып алып жұмыс жасауда.
«Бақдаулет-57» ФҚ-ның типтік жо­бадағы МІҚ мал қорасы бар. Осы қораны сүт бағытындағы аналық мал­дарды ұстауға реконструкция жа­сауда. Екінші деңгейлі банкке несиеге құжаттары өткізілген, қазіргі жағдайда қаржыландыру қаралу үстінде. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда Чехия мемлекетінен 96 бас МІҚ аналығын әкелуді жоспарлап қойған.

Сонымен қатар «АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жа­сау­да. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өң­деліп, 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. Қазіргі таңда кәсіпорын 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бағдарламаның берері көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақты­лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дипломмен – ауыл­ға» бағдарламасын жандан­ды­руды Үкіметке тапсырғаны есі­мізде. Нақ­тырақ айтқанда, Прези­дент: «Дип­ломмен – ауылға» бағ­­дар­ламасының аясын кеңей­тіп, жұмысты жаңа дең­гейде жалғасты­руы­мыз қажет. Үкі­метке келесі жылдан бастап осы бағ­дарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсы­рамын», – деген еді.

Жалпы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сан түрлі сала маман­дарын қамтиды. Түпкі мақсат – ауыл­дағы кадр тапшылығы мәселесін жою екені белгілі. Қаладан келген жас маман көтерме жәрдемақы және пайызсыз несиеге қол жеткізіп, бас­пана алуға мүмкіндік алады. Бюджетті несие 15 жылға беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға әлеу­меттік қолдау шараларын ұсы­ну мөлшерін айқындау туралы» қау­лысына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі мен әлеу­меттік қолдау шараларының мөлшері тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін – 1500 МРП – 5175,0 млн теңге көзделген. Осы бағдарлама не­гізінде ауданымызда 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін тұрғын үй сатып алуға 968 жас маманға тұрғын үй несиесі берілді.

Тарқатып айтсақ, 2010 жылы 41 маманға 35,7 млн теңге, 2011 жылы 43 маманға 64,7 млн теңге, 2012 жылы 56 маманға 115,6 млн тенге, 2013 жылы 70 маманға 182,6 млн теңге, 2014 жылы 76 маманға 194,7 млн теңге, 2015 жылы 88 маманға 240,8 млн теңге, 2016 жылы 118 маманға 346,7 млн теңге, 2017 жылы 101 маманға 323,3 млн теңге, 2018 жылы 47 маманға 163,9 млн теңге, 2019 жылы 122 маманға 446,9 млн теңге, 2020 жылы 92 маманға 365,8 млн теңге, 2021 жылы 71 маманға 306,8 млн теңге, 2022 жылы 42 маманға 192,6 млн теңге берілген.

Аудан бойынша 2010-2022 жылдар аралығында 2983,6 млн теңге қаржы төленген. 2023 жылы тұрғын үй несиесіне республикалық бюджеттен 139,7 млн теңге қаржы қаралып отыр. 2023 жылға бір маманға тұрғын үй сатып алу немесе салуға бөлінетін бюджеттік несие көлемі 5 млн 175 мың теңгені құрайды. Қаралған қаржы 27 маманға тұрғын үй несиесін беруге есептелген. Кезекте 49 маман бар.

Біржолғы көтерме жәрдемақы алу­­ға мамандар аудан әкімінің қау­лы­сымен реттілікке қойылып, 2020-2023 жылдары аралығында 292 маман кезекте тұр. 2020 жылы 62 маман, 2021 жылы 119 маман, 2022 жылы 95 маман, 2023 жылы 16 маман кезекке қойылған.

Қортындылай келгенде, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осын­дай қолдаулар мен сол көмекті ұтым­ды пайдалана білген өңір шаруа­ларының еткен еңбектері ау­дан­да ауыл­шаруашылығы саласын да­мы­тып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жол ашып отыр.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: