2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,8 мың қазақстандықтың еңбек құқығын қорғап, олардың заңды жалақысын алып берді. Бұл жайлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлайды, – деп хабарлайды kursiv.media
Өткен жылы елдегі 629 кәсіпорында 3,1 млрд теңгеден астам берешек бар екені анықталған.
Инспекция жүргізген қатаң шаралар мен арнайы кестелердің арқасында берешектің 2,85 млрд теңгесі жұмыскерлерге төленді. Жалпы алғанда, жыл бойы 6,5 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 8,7 мың заң бұзушылық анықталған.
Заң бұзған кәсіпорын басшыларына 4 245 міндетті ұйғарым беріліп, 524,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Министрлік еңбек заңнамасының сақталуы ерекше бақылауда екенін ескертеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!