Партияның қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1) Жалағаш ауданы бойынша білім саласы ұйымдарының қысқы жылу беру маусымына қатты және сұйық отындарымен қамтамасыз етілу жайы туралы.
2)Жалағаш ауданы бойынша денсаулық сақтау саласы мекемелерінің қысқы жылу беру маусымына қатты және сұйық отындарымен қамтамасыз етілу жайы туралы.
3)Жалағаш ауданы бойынша спорт нысандарының жай-күйі туралы
Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселелері бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат Алмасұлы білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау саласы мекемелерінің қатты отынды тұтыну барысында , көмірдің сапасына мән беріп, мекемелерді халыққа қолайлы жағдай жасауын қадағалауға алуды бұйырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған Жалағаш ауданының дене тәрбиесі,спорт және туризм бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Нұрмаханов –« Өздеріңізге белгілі Жалағаш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында іске асырылуда Жоба құны: 471559, мың теңге. Мердігер мекеме SCS Инженеринг ЖШС. Биылғы жылы ғимаратты халық игілігіне пайдалануға беріледі деген жоспар бар», – екендіген хабардар етті.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат Алмасұлы Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құрылысын толық бітіріп, халық игілігіне тездетіп беру керектігін жеткізді.
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
14.10.2024
11
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!