«ҚазАвтоЖол» компаниясы «ZEREK-2» ақпараттық-бағдарламалық кешені орнатылған ақылы жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Қазақстанда 3221 шақырымды құрайды 17 ақылы жол учаскесі бар. Соның ішінде 11 жолда «ZEREK-2» ақпараттық-бағдарламалық кешені орнатылған. Олар:
- Қонаев-Талдықорған,
2. Астана-Павлодар,
3. Павлодар-Семей-Қалбатау,
4. Бейнеу-Ақжігіт,
5. Орал-РФ шекарасы (Самара),
6. Павлодар-РФ шекарасы (Омбы),
7. Шымкент-Тараз,
8. Тараз-Қайнар,
9. Шымкент-Қызылорда,
10. Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкент),
11. Орал-РФ шекарасы (Саратов).
Ақпараттық-бағдарламалық кешендер бақылау аркаларында орнатылған. Камералар автоматты түрде көлік құралының қозғалысын тіркеп, деректерді өңдейді, сақтайды және базаға жібереді.
«Бұл кешендер көлік құралдарын тануға, олардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен мемлекетін анықтауға, қозғалыс жылдамдығын, автокөліктің класын және басқа да параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін оптикалық және геометриялық әдістер қолданылады», – дейді компания мамандары.
Бақылау камералары 220В желіден қуат алады. Ал тоқ болмаған жағдайда күн батареясы мен аккумулятор блогының есебінен үздіксіз жұмыс істейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!