Еңбек министрлігінің сайты электрондық еңбек биржасында жалақысы 500-800 мың теңге және одан да жоғары болатын бос орындардың бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ең жоғары жалақы Атырау облысында ұсынылып отыр. Онда 824 мың теңге жалақымен өнеркәсіптік альпинистер үшін 20 бос орын бар. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облыстарында 500-730 мың теңге айлыққа мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары жұмыстары ұсынылуда», – делінген ведомствода.
Бұл ретте ең жоғары жалақы ұсынылатын бос орындарда:
- Зерттеушілер (2,7 млн теңге);
- Бас директорлар (2,3 млн теңге);
- Авиаинженерлер (1,6 млн теңге);
- Шахта директорлары (1,5 млн теңге);
- Қосымшаларды әзірлеушілер (1,2миллион теңге) көрсетілген.
Сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың басшыларына 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық тәуекел менеджерлеріне 500 мың теңге ұсынылады.
Орташа білікті мамандарға арналған бос жұмыс орындарының ұсынысы сұраныстан 1,7 есеге асқан. 49 600 бос орынға тек 28 300 түйіндеме түскен.
Тамыз айында электронды қор биржасында жоғары білікті жұмысшыларға сұраныс екі есеге артты. Тамыз айында сайтта барлығы 119,9 мың бос жұмыс орны мен 93,9 мың түйіндеме болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!