Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 09:47

3 сағатта 579 сайлаушы өз таңдауын жасады

03.07.2022

629

0

Кент іргесіндегі Ақсу ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау таңғы сағат 7.00-де басталды. Ауылдағы білім ошағында орналасқан №139 сайлау учаскесіне таң атысымен өз таңдауын жасауға келген халық көп болды. Бұл елді мекен тұрғындарының ауылдық округ болашағына бейжай қарамайтынын аңғартса керек.

 Саяси науқанда ауыл тұрғыны Фарида Сегізбаева бірінші болып өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі сайлауда кімнің бағы жанса да алдағы уақытта елді мекеннің екінші тынысын ашуға жұмыс жасаса дейді.

– Біздің ауыл аудан орталығына жақын орналасқан. Сондықтан елді мекеннің еңсесін тіктеуге мүмкіндік мол деп ойлаймын. Бүгін бірінші болып дауыс бердім. Ал ауыл әкімі ретінде кімді көргім келеді, ол жағы құпия болып қала берсін. Бастысы Ақсуды көркейтеді, әлеуметтің әлеуетін арттырады деген азаматқа дауысымды бердім. Әсіресе ауылда кәсіпкерлік саласын дамыту қажет. Ал жол, жарыққа қатысты да мәселелер жоқ емес. Кеше аудандық газеттен барлық үміткердің сайлауалды бағдарламасын оқып шықтым. Онда үміткерлер сайлауалды бағдарламасына ауылдағы өзекті мәселелерді шешуді арқау еткен екен. Енді соның барлығы алдағы 4 жылда шешімін табуына жұмыс жасаса болғаны, – дейді сайлаушы Фариза Сегізбаева.

Айта кетейік, Ақсу ауылдық округінде халық саны 1674-ті құрайды. Оның ішінде сайлаушылар саны – 1004. 328 отбасы бар елді мекенде таңғы сағат 10.00-ге дейін 579 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Десе де ауылда 3 сағатта сайлаушылардың 50 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл ауылдық округте саяси науқанға сайлаушылардың қатысу белсенділігін аңғартады.


Кенжетай Қайрақбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: