үгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Kazinform.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-при Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді.
Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.
Фото: Ақорда
Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.
Фото: Kazinform
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент бүгінгі іс-шарада Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беретінін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!