Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:43

Қызылордалық халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлерге гранттарды бөлу кезінде қағидаларды сақтамаған

20.07.2023

258

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің үстінен шағым түсірді.    

Орталықтар  кәсіпкерлермен мемлекеттік гранттар беру туралы шарттар жасасу кезінде Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын сақтамаған.

Атап айтқанда, құжатта ұлттық жобаға қатысушыны жұмыспен қамту орталығының талабы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қолдау шарасын пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға міндеттейтін тармақ көзделген.

Департамент жалпы республикалық тәжірибені талдау шеңберінде 2022-2023 жылдар кезеңінде кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін 994 тармағы бар  шартты анықтады.

Департаменттің араласуымен мәселені шешу мақсатында тармақты шарттың үлгілік нысанынан алып тастау туралы бейінді министрлікке хат жолдау ұсынылды.     

Бүгінгі таңда дискрециялық тармақ алынып тасталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: