Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов пен облыс прокурорының орынбасары Мәди Сәрпеков аудандық Полиция бөлімінде болып, бақылау камераларының жұмысымен танысты.
Заманауи цифрлық бақылау жүйесінің тиімділігі айтылып, бейнебақылау арқылы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!